Құттықтаймыз!

10 қараша 2018 ж. Астана қаласында жастар арасында өткен «Балалар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы спорттық күрес Грэпплинг және грэпплинг гиден Қазақстан Республикасының біріншілігі» жарысында университетіміздің «Құқұқтану» мамандығының Ю-18-1у тобының студенті спорт шебері Нұрадинов Нұртілеу Қайратұлы жүлделі I орынға ие болды.

Қыркүйек айында да Нұртілеу 24 елден 600-ге астам спортшылар қатысқан Әлем Чемпионатында жүлделі 3 орынға ие болған еді.
Университет ұжымы Нұртілеуді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биіктерді бағынуына тілектестік білдіреді.

JoomShaper