Университет түлектері әлемдік спорт жарыстарынан күміс жүлдегер атанды

Ақжолтай жаңалық! Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлектері Қамшыбек Қонқабаев пен Рүстем Сыбай Германия және Қытай мемлекеттерінде өткен спорттық жарыстардың күміс жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 2017 жылдың 3 қыркүйек күні Германияның Гамбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында +91кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Рүстем Сыбай 19-30 тамыз аралығында Қытайдың Тайбэй қаласында өткен 29-шы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада екінші орынды жеңіп алды.
Бүгін қос жүлдегерді Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев қабылдап, оларға алдағы уақытта да жарқын белестерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс танытқан Қамшыбек Қонқабаев пен Рүстем Сыбайға университет ұжымы және барлық студенттер жеңісітерімен шын жүректен құттықтайды.

JoomShaper