Болашақ заңгерлермен Елбасы жолдауы талқыланды

«Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрайымы Муйденова Әлия Қалжанқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығың 1 курс студенттерімен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшының айтқанындай Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз» деп айтқан болатын. Осы міндеттерден туындайтын елбасының жолдауы өзінің мазмұны жағынан ерекше құжат. Ендеше осындай сындаған сәттерде әлем деңгейінде саяси қадам жасау ел бірлігін нығайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолдары жолдауда қарастырылып, оны іске асырылуы айқындалған. Елбасы айтқанындай болашақ жастардың қолында, сондықтан жастар білім алып, тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік ел идеясына жұмыс істеп, елге қызмет етуі қажет. А.К.Муйденова елбасының жастар туралы реформасына баса назар аударып, жолдауда айтылған негізгі бағыттарды түсіндірді.

JoomShaper