Қазақстан - рухани жаңғыру жолында

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Практикалық ағылшын тілі кафедрасының доценті С.І.Садыбекова  «Филология, тарих және құқық» факультетінің «Құқықтану» кафедрасы Ю-17-5 оқу тобында «Қазақстан-2050» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды.   Шара мақсаты - білім алушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 

Кіріспе сөзінде факультет деканы С.Т.Тайман оқытушылар мен білім алушыларға Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы, болашақ табыстардың негізі және ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы туралы баса айтты. Танымдық тәрбие іс-шара барысында қатысушыларға қызықты да пайдалы деректер мен білім алушылар ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды.

       

JoomShaper