Инженерлі-технологиялық факультетінің студентттері «Алғыс айту-парызым!» тақырыбында мерекелік кеш өткізді

1 наурыз күні Инженерлі-технологиялық факультетінің белсенді студентттерінің  қатысуымен   №5 жатақханада  «Алғыс айту-парызым!» тақырыбындағы мерекелік кеш  өткізілді.

Инженерлі-технологиялық факультетінің деканы Н.Т. Даужанов ұстаздар мен студенттерді мерекемен құттықтап, іс-шараны ашып берді. Кешті жүргізушілер Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенің айта отырып, ортаға алғыс білдіру үшін студенттерді шақырды. Облыс әкімінің грант иегерлері ортаға шығып, университетте тегін білім алу мүмкіндігі берілгендігіне, осындай жаңа, барлық жағдай жасалған №5 жатақханада жатқандарына ең бірінші Елбасыға, одан кейін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевқа, университет басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Мерекелік кеш факультет студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

JoomShaper