«Құқықтық білім беру күні» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Инженерлі технологиялық факультетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында 201жылдың 3-ші наурызында  стр-15-1 оқу тобында «Құқықтық білім беру күні»тақырыбында ашық тәрбие сағаты  өткізілді. Тәрбие сағатына факультет деканының орынбасары Н.А.Сақтағанова, және кафедра оқытушылары қатысты.

Тәрбие сағаты барысында студенттер «Құқықтық білім беру күні»тақырыбында барлық ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатында Жүніс Динара мен Тұрсынқожа Нұрболат құқықтық білім алу туралы баяндама жасады. Баяндамаларда көптеген тың құқықтық білім туралы мәліметтер келтірілді. Студенттер өздерінің студент кездегі бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, оқытушылармен ситуациялық сұрақтар кою арқылы пікір алмасты. Іс-шара соңында факультет деканының орынбасары А.Н. Сақтағанова студенттерге оқытушалар атынан рахметін айтты

JoomShaper