Би өнері – әлемнің рухани елшісі

2018 жылдың 20 сәуір күні «Хореография» кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмысы бағытында және 29 сәуір Халықаралық би күні аясында «Ашық есік» күнің өткізді.

Бұл іс-шараға М.Маметова атындағы гуманитарлық колледжі, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің соңғы курс студенттері және қала мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Кіші би залында – Педагогикалық факультетінің деканы, ф.-м.ғ.к. Ақтаев Е.Қ., «Хореография» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мурзабаева Г.И., Хор 14-1 оқу тобының 4 курс студенті Серикова Арай талапкерлерге хореография мамандығы жайлы, абитуриент талаптары мен емтихан ережелерін айтып өтті. №6 ғимаратындағы оқу залының кітапханашылары Кан Л.С. мен Сейіл А.О. «Би өнері - әлемнің рухани елшісі» атты көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Үлкен би залында – кафедра оқытушылары шеберлік сыныптарын көрсетті. «Дидар» халықтық би ансамблінің қойылымдары орындалды. Жас талапкерлерге арнап Хор 17-1 оқу тобының 1 курс студенті Маханбетжанов А., Хор 15-1 оқу тобының 3 курс студенті Алтынбек М., хореограф Мынбанв М.Т. өз лебіздерін білдірді. Іс-шараның соңын кафедра студенттерімен талапкерлер бірігіп флешмоб биімен аяқтады.

JoomShaper