Мамандық таңдау - болашақтың басталуы

Кәсіби бағдар беру жұмыстары өз жалғасуында: 2018 жылдың 20 сәуірінде Қызылорда қаласындағы №120 және №112 орта мектептерінде кәсіби бағдар беру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетінің оқытушылары Р.Х.Құрманбаев, К.Б.Ажмолдаева және Инженерлі-экологиялық факультетінің оқытушысы А.А.Ташимова бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - мектеп бітіруші түлектеріне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мамандықтары туралы және жоғары оқу орнына түсудің жаңа шарттары туралы толық ақпарат беру. Оқытушылар мектеп оқушыларына университеттегі студенттік өмір жайлы жан-жақты баяндап, университеттегі бакалавриат мамандықтарымен таныстырды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жайлы видеоролик көрсетіліп, кәсіби бағдар жұмысы барысында оқушылар қызығушылық танытты. Оқушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауаптар беріліп, оларға жалпы университеттегі барлық мамандықтар бойынша буклеттер таратылды.

JoomShaper