Х Республикалық пәндік олимпиададан жеңіспен оралды

2018 жылдың 19-20 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиадаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысып, І жүлделі орынмен оралды.

Пәндік олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиадаға Қазақстанның 12 қаласынан 39 студент қатысты. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша І орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасына қарасты 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенті Төлеген Айым жеңіп алды. БЖ-16-1 оқу тобының студенті Жұмахан Нұрай мен топ жетекшісі Д.Б.Нұржанова алғыс хатпен марапатталды, оларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

JoomShaper