«Толағай батыр» атты тәрбие сағаты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының студенттері  15 ақпан күні №1 жатақханада «Толағай батыр» атты тәрбие сағатын өткізді. 

Онда Толағай батырдың өмірбаяны видеоролик арқылы көрсетілді. Жерлесіміз жазушы Әбділда Тәжібаевтың «Толағай батыр» поэмасынан үзінділер келтірілді. «Қазіргі кездің Толағай батырлары» атты презентация көрсетілді. Студенттер үш топқа бөлініп гир көтеру, қол күресі жарыстарын өткізді, викториналық сұрақтарға жауап берді, крассворд шешілді. Жеңімпаз топтарға үш номинация бойынша алғыс хаттар тапсырылды. Студенттер Толағай батырдың өмірбаяны мен батырдың еліне деген сүйіспеншілігі мен ерлігі туралы хабардар болды. 

JoomShaper