Студенттер арасында спартакиада ұйымдастырылды

23-27 сәуір аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай Студенттер Кәсіподақ комитетінің қолдауымен студенттер арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Оған спорттың 11 түрінен 6 факультеттен 6 команда қатысты.

Нәтижесінде жүлделі І орынды Жаратылыстану факультеті, ІІ орынды Педагогика факультеті, ал ІІІ орынды Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті жеңіп алды. Сонымен қатар әр командадан үздік ойыншылар анықталып, «Үздік төреші», «Үздік жетекші» номинациялары белгіленді.
Жеңімпаз командаларға Студенттер Кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды

JoomShaper