Мөлдір Жаңбырбай - каратэ-додан азия чемпионатының алтын жүлдегері

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ФКС-14-1 оқу тобының студенті Жаңбырбай Мөлдір Берікқызы Жапонияның Окинава қаласында каратэ-додан өткен Азия чемпионатында алтын жүлде иеленді.

Жеңімпазды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Студенттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы, Жаратылыстану факультетінің деканы С.Қосанов және белсенді студенттер қарсы алып, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай каратэ-додан Халықаралық спорт шебері, әлем чемпионатының 2 дүркін чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы.

JoomShaper