5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері арасында 10-шы Республикалық пәндік олимпиада өтті

2018 жылы 19-20 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері арасында 10-шы Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада студенттермен оқу және оқудан тыс жұмысты жетілдіруге, мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

19 сәуірде студенттік сарайда қатысушыларды тіркеуден кейін олимпиаданың салтанатты ашылуы және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының 5 қаласында 7 жоғары оқу орнынан 24 студент тіркелді. Олимпиаданың бірінші күні «Мамандықтың әнұраны» атты турмен басталды, оған қатысушылар үйден дайындап келген таныстыруларын ұсынды. Бағдарламаға сәйкес II тур-Пән бойынша тестілеу өтті. Сол күні Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мұражайына және облыстық мұражайға автоэкскурсиясы ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші күні олимпиадаға қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілері үшін мерекелік кешкі асымен аяқталды.
Олимпиаданың екінші күні Республикалық студенттік олимпиаданың ІІІ туры басталды, оған қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынды.
Олимпиаданың екінші күні жабылу салтанатымен аяқталды, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Атап айтатын болсақ, «Fashion топ» номинациясымен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, «Парасатты топ» - «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының студенттері, «Өнерпаз топ» - М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Университетінің студенттері, «Үздік стартап» - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, «Жаңашыл жоба» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері марапатталды.
Олимпиада қатысушыларының жұмыстарын талдау нәтижелері бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Жақсылықова Нұрсұлу жеке сайыста бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Командалық жарыстың І дәрежелі дипломы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Q-social» командасына берілді.

JoomShaper