Сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмаудың алдын алу шаралары

2018 жылдың 28 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің № 1 оқу ғимаратында «Құқытану» кафедрасы мен ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері бірлесе «Сыбайлас жемқорлық қылмысын болдырмаудың алдын алу шаралары» тақырыбанда ашық сағат өткізді.

Ашық сағат мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Ашық сағатты жүргізген «Филология, тарих және құқық» факультетінің аға кураторы Әлия Мүйденова студенттерге жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретінін айта келе, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепіл беретін, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарына тоқталды.
Кітапхананың бөлім меңгерушісі Р. Доспаева ашық сағатқа қатысқан студент жастарды кітапхана қорындағы құқықтану мамандықтарына арналған оқулықтармен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», «Қылмысқа қатысушылық: теория және практика мәселелері» оқулықтары бойынша библиографиялық шолу жасады. Мемлекеттік билік органдарындағы, мемлекеттік функцияларды орындауға өкітеттігі бар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары және олармен күресу көзделген заңнамаларға тоқталды. Студенттердің жазбаша және ауызша қойылған сұрақтарына жауап қайтарылды.

JoomShaper