Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі, дене шынықтыру және спорт саласының құрметті докторы, ауыр атлетикадан Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы, әлемнің 3 дүркін чемпионы Илья Ильинді университеттің ұжымы туған күнімен құттықтап, естелік сый-сияпаттар тапсырды.
Жаңалықтар
Университет ұжымы Сыр елінің саңлақ спортшысына құрмет көрсетті
Статистиканы оқып үйренушілерге арналған көрме
Университеттің ғылыми-техникалық кітапханасында Қызылорда облыстық статистика департаментінен сыйға келген дәстүрлі және электронды нұсқадағы 23 дана статистикалық жинақтардан «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты шағын көрме жасалды.
Тарихшылар «Шежірелердің - Сыр өңірі тарихындағы деректік орны» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысын қолға алмақшы
Қазақ Ұлттық университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қамбарбек Атабаев университеттің оқытушы-профессорлары, студенттер және магистранттармен кездесті.
Жиын барысында тарихшы Елбасы тапсырмасына сай «Өлкетану» мәселелерімен айналысудың өзекті екенін сөз етті.
Ашық кітап көрмесі
Кітапсүйер қауымға қазақстандық және ресейлік баспа мен полиграфияның қазіргі әлеуетін көрсету, оқырмандарды әлемдік деңгейде жарық көріп жатқан кітап түрлерімен таныстыру, мемлекеттік тапсырыс алған баспалар шығарған кітаптың мазмұны мен сапасын, көркемдік безендірулерін анықтау мақсатында Ғылыми-техникалық кітапхананың анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік бөлімінде ашық кітап көрмесі өтті.
Ғалым-ұстазға құрмет көрсетілді
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында университет профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Халықаралық ғылыми педагогикалық білім беру Академиясының академигі Мұстафа Матайұлы Матаевтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған Ғылыми Кеңестің салтанатты мәжілісі болып өтті.
«Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында профессор Мұстафа Матайұлы Матаевтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылары, ұстаздың үзеңгілес достары мен шәкірттері қатысты.









