gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Миссия

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Университет миссиясы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (бұдан әрі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) – экономика, инженерия, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым мен мәдениеттің маңызды бағыттарын қарқынды дамыту проблемаларын шешуге бағдарланған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы білімі, ғылымы мен мәдениетінің жетекші орталықтарының бірі болып табылады және аймақ пен тұтастай алғанда Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етеді.
Университеттің мақсаты: білім беру бағдарламаларын жетілдіру, Болон үдерісінің қағидаларын іске асыру, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін білім беру үдерісі мен өндіріске кеңінен енгізу, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық, республикалық және өңірлік еңбек рыноктарының жоғары білікті мамандар мен бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларға деген сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Университет қалыптастыру.
Университеттің міндеттері:
- еңбек рыногының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;
- Қызылорда облысының және елдің инновациялық даму мүддесі үшін білім мазмұндарын жетілдіру;
- университеттің студенттері, магистранттары, PhD докторанттары, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы (бұдан әрі ОПҚ) мен ғылыми қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында жоғары білімнің еуропалық аймағына одан әрі интеграциялану;
- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де оқу үшін талантты жастарды іріктеу, кәсіби бағдарлау, даярлау жүйесін жасау;
- көптілді мамандар даярлау;
- университеттің республикалық рейтингтердегі орнын жақсарту;
- университеттің халықаралық рейтингтерге енуі;
- іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми жобалар мониторингі, ғылыми негіздеу және жүзеге асыру;
- білім, ғылым және бизнестің интеграциясы ықпалдастығын арттыру;
- университет ғалымдарының аяқталған әзірленімдерін білім үдерісіне және өндіріске енгізу;
- университет ғалымдары жасаған зияткерлік меншік өнімдері мен жаңа технологияларды коммерцияландыру;
- кадрлық саясатты жетілдіру және персоналдың кәсіби тұрғыда белсенді өсуін көтермелеу;
- біліктілік жоғарылату жүйесінде білім беру қызметін көрсету спектрін кеңейту нәтижесінде университеттің кадрлық әлеуетін күшейту;
- қызметкерлердің кәсіби және қызметтік өсуге деген ынтасын арттыру;
- автономиялық пен есеп беруге міндеттілік, академиялық еркіндік, төзімділік пен ашықтық қағидаларына негізделген басқару жүйесін ұйымдастыру;
- университеттің бақылау кеңесі арқылы корпоративтік басқаруды енгізу;
- оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру;
- университеттің білім мен ғылым саласында ақпараттық қамтамасыз ету желісін одан әрі дамыту;
- студент жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған жағдайларды жақсарту, оларды өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне тарту;
- нәтижеге бағытталған қаржы-шаруашылық тетігін дамыту;
- университет қызметін көпарналы қаржыландыру моделін жасау;
- эндаумент-қор жасау;
- университеттің халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету;
- бірлескен халықаралық жобаларға қатысу;
- халықаралық ынтымақтастық ауқымын кеңейту.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет