gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Бағдарламалармен қамтамассыз ету бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать


Бөлім бастығы ф.м-ғ.д., Тұяқбаев Арыстанбек Әбуұлы

Бөлім университеттің құрылымдарын автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарламаларды жасақтаумен айналысады. 

АЖО кадрлар бөлімі
Кадрлар бөліміне арналған АЖО әрбір қызметкер бойынша 66 түрлі ақпарат енгізуге мүмкіндік береді және осы ақпараттардың 37 түрі бойынша күрделі сұраныс жасау мүмкіндігі бар.

АЖО оқу-әдістемелік басқармасы
Оқу-әдістемелік басқармасының автоматты жұмыс орны оқу-жұмыс бағдарламаларын бекіту, сабақ кестесін бекіту, апталық балды енгізуді бақылау, бағалардың сәйкестігін анықтау, студенттердің ұсыныс-шағымындарын қарастыру, сабақ кестесін бекіту, бөлімдерінен тұрады.

АЖО Деканат
Деканаттың Автоматты жұмыс орны факультеттің мамандықтарын, топтарын және студенттер тізімін енгізуге арналған. Сонымен қатар факультеттің сабақ кестесін, студенттің білімін бақылау, қайта тапсыру немесе сессиясын ұзартуға рұқсат беру мүмкіндіктері бар.
Студенттер тізімін енгізген кезде әрбір студент жөнінде 34 түрлі ақпарат енгізіліп олардың 26 түрі бойынша күрделі сұраныстар жасауға мүмкіндіктер бар. 
Факультеттің сабақ кестесін еңгізген кезде сабақ кестесінде пәндердің қалып қоймауын, сағат сандарының толық қойылуын, оқытушылардың сабақтарын қабаттаспауын автоматты түрде қадағалап отырады. 

АЖО кафедра
Кафедраның автоматты жұмыс орны арқылы осы кафедраға бекітілген мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары енгізіліп және өзгертіліп отырады.
Кафедра пәндері арқылы кафедра жүктемесін автоматты түрде есептеу мүмкіндігі бар. Оқытушылардың ғылыми жұмыстары, дипломдық және курстық жұмыстардың тақырыптары енгізіледі. Сонымен қатар әрбір студенттің аудиториялық және өзіндік жұмыстарының апталық балы қойылады.

АЖО тіркеуші офисі
Тіркеуші офисінің автоматты жұмыс орны арқылы модульді-рейтингті жүйе негізінде студенттердің білімін бақылау және бағалау жасалады. Бұл бағалау оқытудың кредитті технологиясына сәйкес және әрбір студенттің жеке оқу бағдарламасы бойынша 1-курстан соңғы курсына дейінгі пәндерін толық қамтиды.
Әрбір студент үшін кафедраның автоматты жұмыс орны арқылы енгізілетін дәрісханалық балын, өзіндік жұмыс балын және нормативтік базаны ескере отырып автоматты түрде ведомостар жасақталады.

АЖО құжаттар бөлім
Құжаттармен қамтамасыз ету бөліміне арналған АЖО кірген шыққан құжаттарды, ішкі құжаттарды (арыз, рапорт, бұйрық) тіркеуге және басқаруға арналған. Берілген уақыт аралығындағы құжаттарды немесе сырттан кірген құжаттарды іздеу мүмкіндіктері қарастырылған.

АЖО студент
Студенттің автоматты жұмыс орны анықтамалық бөлім, үлгірім және жеке оқу жоспары атты 3 бөлімне тұрады.
Анықтамалық бөлімінде студенттің сабақ кестесін, оқу ақысын көруге және университет басшыларына ұсыныс немесе шағым жіберу мүмкіншілігі бар.
Үлгірім бөлімінде студенттер ағымдық бағаларды, қорытынды бағаларды көре алады.
Жеке оқу жоспары бөлімінде әр семестр бойынша студенттің тандаған пәндер тізімі бар. Сонымен қатар студент кез келген жаңа тандау курсына жазыла алады.
Әрбір студент барлық мағлұматты Интернет арқылы университеттің білім беру порталынан көре алады.

АЖО қашықтықтан оқыту
АЖО қашықтықтан оқыту 2 түрлі технологияны пайдалану арқылы жұмыс жасай алады.
1 Желі технологиясы
2 Кейстік технолгиясы

1. Желі технологиясы бойынша әрбір студент өзінің жеке коды арқылы университеттің білім беру порталына ене отырып берілген контенттерді көшіреді және өзіндік тапсырмаларды оқытушылардың тексеруі үшін порталға жүктей алады. Оқытушылар өздерінің жеке кодтары бойынша студенттерге апталық балл қоюға мүмкіндіктері бар. Оқытушылармен студенттер арасында тікелей байланыс орнату мақсатында порталдың чат-сабақ және форум бөлімдері бар.
2. Қашықтықтан оқыту бөліміне арналған автоматты жұмыс орнында кейстік технологиясы бойынша әрбір студенттерге жібереттін материалдарды контент түрінде дайындап студенттің электрондық почтасына жіберу және студенттерден келген өзіндік жұмыстарды тіркеу мүмкіндігі бар.

АЖО коммерциялық бөлім
Коммерциялық бөлімге арналған АЖО-да ақылы негізде оқитын әрбәр студенттің төлем ақысын енгізеді.Берілгендер қоры арқылы әрбір студент бойынша, топ бойынша, факультет бойынша және университет бойынша толық есеп алуға болады.

АЖО кітапхана
Әрбір кітаптың озінің инвентарлық номеріне байланысты штрихкод шығарылып кітапқа бекітіледі. Оқырман билеттерінің нөмерлеріне сәйкес штрихкод беріліп, осы арқылы оқырманның абономентен немесе оқу залындағы алған кітаптарын есепке алады. Абономент және оқу залы бойынша күнделікті және берілген уақыт аралығына есептер шығарады.




 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет