gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать


Орталықтың жетекшісі т.ғ.к., Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты
Қызылорда облысы территориясындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау, археология және этнография салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және тарихи құндылықтарды Қазақстан халқына насихаттау болып табылады. 

Орталықтың штаттық құрамы университеттің  оқытушы – профессорлары және жас ғалымдарымен жасақталған.

Орталық ұжымында 3 ғылым кандидаты, 2 ғылым  магистрі және ғылыми қызметкерлер жұмыс жасайды. Орталықтың ғылыми қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттарының аспирантурасында білім алған. 

2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалды. Сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп келеді:

1. 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.

2. 2005-2007, 2011 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлескен «Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағын» шығару мақсатында аймақ көлемінде арнайы барлау экспедициясы жұмыс жүргізді.

3. 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен РФ Астрахан облысындағы, Батыс Монғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедициясы жұмыс жүргізді.



Егерде Сіз өңіріміздің тарихы, археологиялық ескерткіштері мен этнографиясы жайлы
мағлұмат алғыңыз келсе мына мекен-жайға хабарласыңыз

Қызылорда қаласы, Айтеке би көш.29а,
тел. 8(7242) 27 02 11, e-mail: ramalia@mail.ru

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет