gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Құрылым Ғылыми кеңес
 
 

Ғылыми кеңес

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Ғылыми кеңес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми kеңесі университет қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалы түрде қарау мақсатында құрылатын, сайланбалы уәкілетті орган болып табылады.

Ғылыми кеңестің төрағасы – университет ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы.
Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – оқу ісі жөніндегі проректор - бірінші проректор, т.ғ.к., доцент Жүнісов Абайбек Талғатұлы.
Ғылыми хатшы – ф.ғ.к. Убайдуллаева Гүлжан Жақсыбайқызы.

Университет Ғылыми кеңесінің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белді ғалымдар, студент жастардың, магистранттардың өкілдері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің кәсіподақ комитеттерінің өкілдері кіреді.
Өз қызметінде Ғылыми кеңес ҚР «Білім туралы» Заңын, «ЖОО қызметін ұйымдастыру ережелері» типтік ережелерін, ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің Типтік ережелерін, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысы мен стандарттарын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
- университет ұжымының жоғары сапалы кәсіби мамандар дайындау мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған күшін біріктіру;
- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдау жасауды қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулерді дамыту, университеттің одан әрі қарай дамуына ықпал ету.

Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.
Кеңес мәжілісі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өтеді.
Ғылыми кеңестің өкілетіне университеттің құрылымын бекіту, Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму Тұжырымдамасын айқындау, көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтау жатады.
Жыл сайын Кеңес мәжілістерінде ректордың атқарылған жұмыстар туралы есебі, проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімше бастықтарының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы есептері тыңдалады.

Университеттің халықаралық ынтымықтастығын дамыту мәселелері, оның ақпараттық және қаржы-шаруашылық қызметтері, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де назардан тыс қалмайды. Университеттің Ғылыми кеңесі оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды; ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды; қауымдастырылған профессор және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады; университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді және алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Ғылыми кеңестің мәжілістерінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР-да Білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы, ҚР БжҒМ Стратегиялық жоспары және басқа да мемлекеттік маңызы бар құжаттар талқыланады. Ғылыми кеңестің құзыретіне, сондай-ақ ҚР, алыс және жақын шетелдердің көрнекті ғалымдарына, қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткерлеріне, университет оқытушыларына «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Құрметті профессоры», «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Құрметті докторы» атақтарын беру де жатады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің құрамы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің, ректоратының 2014-2015 оқу жылына ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің, ректоратының 2017-2018 оқу жылына ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет