gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Ғылыми-техникалық кітапхана

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Ғылыми-техникалық кітапхана миссиясы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы үш үлкен (гуманитарлық университет, политехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық) кітапханаларының қоры негізінде құрылып, алдындағылардың дәстүрін сақтай отырып, Қызылорда облысы кітапханалар бірлестігінің әдістемелік орталығы мәртебесін қолдауға тырысады.
Кітапхана ұжымының кәсіби басымдығы - озық ақпараттық қызметтерді ұсына отырып, Университеттің одан әрі ғылыми-техникалық дамуына қажетті ғылыми және білім беру ресурстарының қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер
1. Жеке пайдаланушылардың білім мен ғылымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын зманауи ақпараттық өнімдерді, қызметтерді жасау және ұсыну.
Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.
2. Университет факультеттері мен ғылыми-зерттеу бөлімдерімен байланысты нығайта отырып, кітапхана және ақпараттық ресурстарды қалыптастыру.
Университеттің оқу және ғылыми қызметі үшін кітапхананы ресурстық орталық ретінде дамыту.
3. Қалпына келтіру және алдын алу сияқты кешенді іс-шараларды қолданып, қолда бар кітапхана қорын, электронды құжаттарды сақтау.
4. Қызметтің барлық түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік (талдау, ұйымдастыру, кеңес беру) жұмыс жүргізу.
Университет бөлімдерімен шығармашылық және сындарлы қарым-қатынас ұйымдастыру.
5. Кітапхана дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы талаптарға және кәсіби стандарттарға сәйкес кітапхана мамандарын оқыту арқылы кәсіби деңгейлерін көтеру.
6. Қызметкерлер мен оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасау.
Кітапханада екі миллионнан астам қор бар. Олар: кітап қоры, мерзімді басылымдар, техникалық құжаттардың арнайы түрлері (патенттер, ГОСТтар, өнеркәсіп каталогтары т.б.) Кітап қоймасында ағылшын тілі мен сирек кездесетін кітаптар қорларының орны ерекше.
Ғылыми-техникалық кітапхана, өзінің бай ақпараттық әлеуетін оқырмандардың барынша пайдалануына жағдай жасайды. Осы мақсатта, кітапхана бөлімдерінде үлкен ақпараттық жұмыстар жүргізіледі:


Кітапхана бөлімдері:


Кітапхана қорын толықтыру және ғылыми өңдеу

Қызмет көрсету және қорды сақтау (7 оқу залы, 5 абонемент, 2 электронды оқу залы)

Сирек кездесетін әдебиеттер

Техникалық мөлшерлік құжаттар

Анықтамалық-ақпараттық маркетинг

Электронды ресурстар

Әдістемелік бөлім

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасы облыстағы білім беру жүйесіндегі кітапханалардың әдістемелік орталығы болып табылады. Ғылыми-техникалық кітапхананың кең желілі абонементтері және оқу залдары университеттің оқу корпустарында орналасқан:
- Ғылыми-техникалық кітапхана, кітапхана әкімшілігі,
Байсеитова, 100, тел. 274917
- №1 оқу ғимараты, Желтоқсан №40;
- №5 оқу ғимараты, Абай даңғылы, 66, 235335 (комутатор)
- №6 оқу ғимараты, Жахаев, 75, тел. 277257
- №5 жатақхана, Абай даңғылы, 66а

 

 

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет