gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Әлеуметтік өмір "Сыр сымбаты" спорт клубы
 
 

«Сыр Сымбаты» Спорт клубы

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Сыр сымбаты» спорт клубының басшысы – аға оқытушы, Алиев Қайрат Зеравшанұлы

«Сыр Сымбаты» спорт клубының қызметі университеттегі дене тәрбиесі мен бұқаралық-спорт жұмыстарын жетілдіру шараларын жоспарлап, жүргізуге бағытталған.
Клуб облыстық, қалалық дене шынықтыру және спорт комитеттері, Алматы қаласындағы ұлттық дене тәрбиесі ғылыми-практикалық орталығы тәрізді спорт мекемелерімен тығыз байланыс жасайды.
Спорт клубы университет, облыс, республикадағы бұқаралық спорт шараларын ұйымдастырып, өткізуге үлкен көмек береді. Университеттің спорттық-техникалық материалдық базасын нығайтуға, пәндердің жұмыстық бағдарламаларын әзірлеуге белсене атсалысады.
Бүгінгі таңда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де 23 спорт секциялары жұмыс істейді: баскетбол (ерлер/әйелдер), волейбол (ерлер/әйелдер), футзал, дзю-до, атлетикалық гимнастика ,қазақ күрес, каратэ-до, еркін күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, бокс, таеквондо, қол добы (әйелдер), жеңіл атлетика,әскери-қолданбалы спорт, фитнес, үлкен теннис, спорттық би, шахмат. Бұл спорт секцияларының жұмысына «Сыр Сымбаты» спорт клубы жалпы басшылық және бақылау жасайды.
ЖОО ректораты мен «Сыр Сымбаты» спорт клубының жетекшілігімен студенттер, оқытушы-профессорлар құрамы мен университет қызметкерлері арасында жыл сайын президенттік тесттер, бірінші курс студенттері арасында, ОПҚ арасында «Сергектік және денсаулық», институт, факультет студенттері арасында 8 спорт түрлері бойынша, ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған дзю-додан дәстүрлі спартакиадалар, т.б. ұйымдастырылады.
«Сыр Сымбаты» спорт клубының мақсаттары мен міндеттері. Спорт клубының басты мақсаты таңдаған мамандығы бойынша жоғары өнімді еңбек етуге дайын, дене шынықтыру мен спортты оқу-өндірістік қызметке пайдаланып, енгізе алатын, саламатты өмір салтын ұйымдастыратын Жан-жақты дамыған мамандар тәрбиелеуге ықпал ету, азаматтардың белсенділігі мен өз бетінше іс-қимылын дамыту, дене тәрбиесі мен спорт саласында кәсіби және әуесқой қызығушылықтарды қанағаттандыру болып табылады.
Клуб міндетіне тағы да кіретіндер:
- студент жастарды, магистрлер, университет оқытушылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту;
- ЖОО ұжымының барлық мүшелерінің дене қуаттық және моралдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, денсаулықтарын нығайту және аурушаңдығын азайту, кәсіби дайындық, әлеуметтік белсенділік деңгейлерін жоғарылату;
- бұқаралық, сауықтыру, дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастырып, өткізу;
- спорт түрлері бойынша спорт секцияларын ашу;
- дене шынықтыру және спортты, саламатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру, университеттің спортшылары мен дене шынықтырумен шұғылданушылардың кең ауқымын бұқаралық іс-шараларға тарту.
Спорт клубы өз жұмысын ректоратпен, институт деканаттарымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүргізеді, дене тәрбиесі кафедрасымен бірге келесі жұмыстарды атқарады:
- дене шынықтыру және спортты ЖОО студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің тұрмысы мен демалыстарына, оқу және еңбек қызметтеріне енгізу;
- қоғамдық, дене шынықтыру мамандары, дене шынықтыру ұйымдастырушылары, спорт төрешілері, қоғамдық нұсқаушылар мен жаттықтырушыларды оқыту, біліктілігін жоғарылату және практикалық қызметтерін зерттеу;
- жоғарғы спорт санатындағы студент-спортшыларды даярлауға арналған спорт клубының секцияларындағы оқу-жаттығу үдерісіне бақылау жасау, олардың спорттық шеберліктерінің өсуі үшін қажетті жағдайлар жасауға ықпал етеді;
- спорттық жетістіктер рекордтарын тіркеу және есепке алу, спорт түрлері бойынша университеттің құрама командасын қалыптастыру және олардың спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;
- материалды-техникалық базаны, спорт жайларын, мүліктер мен жабдықтарды ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Спорт клубының мүшелері әрбір мектеп оқушысы, ЖОО-ның студенті, магистрант, оқытушы, қызметкері бола алады. Спорт клубының мүшелігіне қабылдау клуб басқармасымен немесе институттың дене шынықтыру кеңесімен жүргізіледі. Біздің мекен-жайымыз: «Сыр Сымбаты» спорт клубы № 6 оқу ғимараты, «Дене тәрбиесі» кафедрасы. Элект. пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ; телефон: 8(7242) 27 72 57.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет