gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Мұражай

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Мұражай – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, тарихымыздың өткені мен бүгінін жалғап отырған университетіміздегі ғылыми-зерттеу, насихаттау жөніндегі мәдени орталықтарының бірі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанында тарихи мұражай, этнографиялық мұражай жұмыс атқарады.

Тарихи мұражай

 

Тарихи мұражай 1997 жылы университеттің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылса, этнографиялық мұражай 1996 жылы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жабдықталған. Мұражайдың негізгі қорында 208 экспонат бар, көмекші қорда 729 экспонат жинақталған.Сонымен қатар университеттің 1941-1945 соғыс жылдарындағы кезеңдегі қызметі туралы деректер, тарихи фотосуреттер, заттай экспонаттар, құжаттар сақталуда. Соғыс жылдары Қызылорда қаласында Киев және Харьков университеттерінің филиалы ашылуына байланысты Біріккен Украина мемлекеттік университетінің ғимаратына орнатылған ескерткіш тақтаның фотосуреті, 1948 жылы педагогикалық институттың жанынан бастауыш және орталау мектептер үшін кадрлар даярлайтын екіжылдық мұғалімдер мектебінің ашылуы көрсетілген.

Мұражайда 1952 жылы наурыз айында институтқа Н.В.Гоголь, 1992 жылы Қорқыт Ата есімінің берілуі және 1996 жылы институттың университет дәрежесіне көтерілуі мен 1998 жылы университеттің мемлекеттік мәртебе алуын дәлелдейтін құжаттар бар.

Университет факультеттерінің тарихи құрылымы, даму кезеңдері, ғылыми жетістік көрсеткіштері, университет жанынан ашылған колледж, Қазақ-түрік лицейі, «Қабілет» бейінді білім беру гимназиясы, кітапхана қоры, республикаға танымал «Сыр сұлуы» халық ән-би, «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің тарихы түгел қамтылып, жыл сайын толықтырылуда. Сол сияқты әр жылдарда қызмет еткен ғалымдардың, оқытушылардың ғылыми еңбектері, фотосуреттері сақталуда.

Университетімізді бітірген түлектердің көпшілігі республикаға, шетелге танымал ғалым, қоғам қайраткерлері. Олар - философия ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, филология ғылымдарының докторы Р.Бердібаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Тұрлығұл, биология ғылымдарының докторы, академик А.Саданов, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, профессор Қ.А.Бисенов. Осы аталған ғалымдардың фотосуреттері мен ғылыми жинақтары мұражай қорында сақталған.

Университет түлектері, қазақтың жезтаңдай әншісі, Сыр өңірінің тумасы Р.Бағланова, айтыс ақыны Л.Әбдіқалықова, ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы, әлемнің 3 дүркін чемпионы Илья Илиьн, тағы басқа көптеген тұлғаларды мақтанышпен айтуға болады. Осы мәліметтерді тарихи мұражайдан көре аласыздар.

Мекенжайымыз: тарихи мұражай - Ы.Жақаев көшесі, 75 үй, 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында 1 қабатта орналасқан.


Университеттің этнографиялық мұражайы оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Мұражайда қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін айқындайтын өткен ғасырдың айшықтары сақталуда. Атап айтқанда, ХҮІІІ ғасырдың соңына жататын астабақ (ыдыс), Түркістан патшалығының бес мөрі басылған 1890 жыл соғылған жез самаурын, кебеже, сандықтар, киіз үй жабдықтары, тұрмыста пайдаланатын заттай экспонаттар және шаруашылық заттар этнографиялық залдан орын алған. Университетіміздің өнегелі өткенінен сыр шертетін тарихи мұражай мен этнографиялық мұражайы сіздерге әрдайым қызмет көрсетеді.


Мекенжайымыз: Этнографиялық мұражай - Ы.Жақаев көшесі, 66 үй, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ № 2 оқу ғимаратында 1 қабатта орналасқан.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет