gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БӨЛІМІ

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі х.ғ.к. Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті жанынан университет ректорының 2014 жылдың 20 қазандағы №1726-а «Университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес дайындық бөлімі ашылды.
Университет ректорының 2016 жылдың 15 қыркүйегіндегі №1544-a бұйрығына сәйкес дайындық бөлімінің аталуы «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімі» болып өзгертілді.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімі бөлім Ережесіне сәйкес шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері, Қазақстанда тұратын, бірақ Қазақстан азаматтығын алмаған жастарды Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге дайындау және білім беретін мекемелердің түлектеріне Кеңес беру қызметтерін көрсету, сонымен қатар мектеп бітірушілер мен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстар жүргізеді.


БӨЛІМ МІНДЕТТЕРІ

Бөлімнің негізгі міндеттері:
1.Бөлім тыңдаушыларын жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
2.Бөлім оқу топтарының жұмыс оқу жоспарларын әзірлеп, бекітуге ұсыну.
3.Бөлімге қарасты оқу пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу.
4.Бөлімдегі оқу топтарының сабақ және емтихан сессиясы кестелерін жасап бекіту.
5.Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін мектеп, орта кәсіптік білім беру мекемелерімен өзара байланыс ұйымдастыру және іске асыру.
6.Университеттің ғылыми-білімдендіру қызметінің деңгейі мен бағыты туралы ақпараттандыру.
7.Аймақтың білім беру мекемелерінің мектеп бітірушілеріне кәсіби өзін-өзі анықтауда кеңестік-әдістемелік көмек көрсету және талапкерлерді Университетке тарту.
8.Кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша университеттің деканаттары мен кафедраларының жұмыстарын үйлестіру.
9. ЖОО-ға дейінгі дайындықты және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
10. Қосымша білім беруді ұйымдастыру.
11. Факультеттер мен мамандықтар туралы материалдарды БАҚ-тарға – PR-промоушн орналастыру.
12. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім басқармаларымен, мектептермен тығыз байланысын орнату және ата-аналармен жұмысты реттеу.
13. Мектеп оқушыларының назарын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ге аудару негізінде ҰБТ өткізу барысында негізгі профильді пәндер бойынша тыңдаушылардың дайындық деңгейін жоғарылату.
14.Университеттің «Сыр түлегі» газетінен мектеп оқушыларына арналған «Талапкер» айдарын ашу.
15.Облыстық, қалалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
16.Университеттің базасында жоспарлы түрде «Ашық есік күндерін» өткізу.
17.Университет базасында қала мектеп бітірушілері үшін экскурсия ұйымдастыру және өткізу.
18.Қабылдау комиссия уақытында ПОҚ кезекшілігін ұйымдастыру арқылы кеңес беру.

 

БӨЛІМ КОНТИНГЕНТІ

2014-2015 оқу жылында бөлімге шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері, Қазақстанда тұратын, бірақ Қазақстан азаматтығын алмаған жастардан 100 тыңдаушы қабылданды, оның ішінде: Қытай Халық Республикасынан - 94 және Өзбекстан Республикасынан – 6.
2015-2016 оқу жылында бөлімге шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері, Қазақстанда тұратын, бірақ Қазақстан азаматтығын алмаған жастардан 66 тыңдаушы, оның ішінде: Қытай Халық Республикасынан – 6, Өзбекстан Республикасынан – 5, ал Монголиядан Республикасынан – 1 тыңдаушы қабылданды.
2016-2017 оқу жылында бөлімге шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері, Қазақстанда тұратын, бірақ Қазақстан азаматтығын алмаған жастардан 74 тыңдаушы қабылданды, оның ішінде: Қытай Халық Республикасынан - 72 және Өзбекстан Республикасынан – 2 тыңдаушы.



ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы университет кафедраларының бөлімде қосымша жүктемемен қызмет атқаратын тәжірибелі ұстаз-ғалымдарынан жасақталған.
2016-2017 оқу жылында бөлім штаты – 9,25 бірлікті құрайды. Ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар саны – 24, барлық оқытушылардың 75% құрайды.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің тыңдаушыларына университеттің тәжірибелі ғалым-ұстаздары дәріс береді. Атап айтсақ, ҚР «ЖОО-ң үздік оқытушысы», ф.-м.ғ.к., проф. Б.Е.Тұрбаев, фил.ғ.к., проф. У.Жанбершиева, фил.ғ.к., проф. Ш.Бекмагамбетов, т.ғ.к., проф. Б.Қ.Қалиев, фил.ғ.к., доцент Ж.М.Майгельдиева, п.ғ.к., аға оқытушы С.Т.Жарбулова, п.ғ.к., аға оқытушы А.А.Алмагамбетова, п.ғ.к., доцент Д.Сарсенова, фил.ғ.к., аға оқытушы Б.Е.Боранбай, М.Акаева, Ш.Ш.Бейсембаева, Р.М.Мекебаева, Л.М.Бержанова, магистр-оқытушылар М.Ж.Парменова, З.А.Ергалауова, А.Жүзбаева, Н.Р.Нурпейсова, Ш.У.Баймаханова, К.Құдайбергенова және т.б..

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет