gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Business Start»

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

«Business Start» Инновациялық жобаларды іске асыру орталығы (Бизнес-инкубатор)

Презентация "Бизнес-инкубатор ҚМУ"

НЕ ҮШІН?
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ көптеген жылдар бойы жоғары білікті мамандар даярлаумен айналысып келеді. Біздің оқу орнымыздың түлектері өз ішімізде ғана емес, сондай-ақ өзге ортада да университет қабырғасында жүріп алған терең білімдерінің арқасында жоғары бағаланады.
Дегенмен, қолына дипломды жаңа алған жас маманның жұмысқа орналасу барысында тәжірибенің аздығы сынды мәселелермен бетпе-бет келетіні бәрімізге аян. Жұмысқа орналасқан күннің өзінде жаңа орында шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік болмауы мүмкін.
Бірақ бизнесті дамытатын немесе жаңадан жаңалық ашатын тың идеялардың иелері студенттер мен жоғары оқу орындарының түлектері емес пе?!
Мұның бәрі сайып келгенде талантты студенттерді қолдау қажеттігі туралы ой салады, жай сөз жүзінде емес, іс жүзінде.
Біз Сізге нағыз қолдау көрсететін – «Бизнес инкубатор - ҚМУ» Студенттік ғылыми-практикалық орталықты ұсынамыз.

БҰЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бизнес-инкубатор – өз істерін бастауды қалайтын, бірақ оған мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және коммерциялық тұрғыда тиімді өнім алу мен нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында құрылған ұйым.
Бұл қайда бар:
Әлемдік практикада бұл жеткілікті түрде кең таралған идея және мұндай орталықтар әлемнің көптеген елдерінде қарқынды түрде жұмыс жасайды. Мұндай мекемелер алғаш рет 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында АҚШ мен Ұлыбританияда ашылған (мысалы, әйгілі Кремний алқабы). Олар табысты түрде жаңа жобаларды (стартаптар) жетілдіріп шығарып жатыр, бұл жобалар инкубатордан тыс жағдайдың өзінде жақсы даму қарқанын алып, жұмыс жасауды тоқтатпайды.
Қазіргі таңда «стартап» терминін жиі еститін болдық. Бұл сөз - бизнес-инкубатор аясына қатысты сөз. Стартап немесе старт-компания ағылшыннан аударғанда «бастау» деген мағынаны береді және қазіргі уақытта енді пайда болған немесе құрылуы жоспарланып отырған жаңа жобаны білдіреді. Бұл термин IT саласында және ғаламтор-жобаларының саласында жиі қолданылады. Ең танымал болған «бұрынғы» әлемге әйгілі стартаптар – Wikipedia, MySpace, YouTube, Facebook, В Контакте және т.б. («бұрынғы», себебі олар сәтті жүзеге асырылды).

КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ:
Егер сіздің актуалды түпнұсқалық идеяңыз және бизнес-идеяңызды жүзеге асыру туралы нақты ойларыңыз болса, сонымен қатар бұл жобаңыз экономикалық тұрғыда тиімді деп есептесеңіз, онда батыл түрде «Бизнес инкубатор - ҚМУ» қатысу үшін өтініш беріңіз.
Инкубатордың бизнес-жобаларының авторлары студенттермен қатар ҚМУ магистранттары да бола алады.

НЕЛІКТЕН ҚАТЫСУЫҢЫЗ КЕРЕК:
Кім біледі, мүмкін дәл осы жерде IBM немесе Apple сияқты кейін әйгілі болатын сіздің бизнесіңіз басталатын шығар және бұл тарихта енетін болады.
Көбіне сәтті стартаптар үшін идеялар кенеттен келетін. Мысалы, Lotus компаниясы Митч Капордың өз досына жай бағдарлама жазуынан басталған. Стив Возняк Hewlett-Packard-те жұмыс жасап жүрген уақытында компьютер жасап шығаруды армандаған болатын, алайда жұмыс берушісі бұл ойын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Осылайша Apple компаниясы пайда болған болатын. Ал сілтемелерден коллекция жинаушы Дэвид Фило өзінің бұл қызығушылығы кейіннен «Yahoo» сынды үлкен жобаға ұласатынын ойламаған да еді.
Біздің инкубатор Сізге көтерілуге көмектеседі! Бұл үшін бізде барлық ресурстар бар, нақты айтсақ: білім, тәжірибе, шығармашылық, креативті ойлар және мақсатқа жетудегі табандылық!

«Бизнес –инкубатор» СІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?
Инкубатор өз кезегінде:

  • Студенттік бизнес-жобалардың бастамашыларына бизнес-идеяға стратегиялық талдау жасауда көмек көрсетеді;
  • Бизнес-жоспарды қалай құру жөнінде кеңес беріп, оған баға береді;
  • Қаржы ресурстарын іздестіруге және тартуға ақпараттық түрде жәрдемдесетін болады;
  • Сіздің жаңа бизнесіңізге маркетингтік қолдау көрсетеді;
  • ҚМУ студенттердің қатысуымен құрылған шағын бизнес субъектілерін қалыптастыру кезеңінде кеңсемен қамтамасыз етеді.

Ал Сіздің тарапыңыздан тек жаңадан тың ойлар, ынта және мүдделі әріптестер күтеміз!

 

«Бизнес - инкубаторға» ҚАТЫСУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Перспективалық бизнес-жобаларды анықтау үшін әр тоқсан сайын бизнес-инкубатор конкурс өткізеді.
Бизнес-жобалар конкурсына қатысу үшін:

  • Өтінім қағазын толтыру қажет;
  • Хаттарды осы поштаға жібересіздер: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 

ҚАЙДА?
Қорқыт Ата атындығы ҚМУ, 2 ғимарат (Ы. Жақаев, 67), каб. 102.

БАЙЛАНЫС ҮШІН
Бізге жазыңыз: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет