gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Жазғы ғылыми-әдістемелік семинар өтті

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2017 жылдың шілде айының 3-5 аралығында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің заманауи талаптарына сәйкес білім бағдарламаларының мазмұнының жаңартылуы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарда академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ж.М. Майгельдиева «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнының жаңартылуы», «Педагогтің кәсіби стандарты» және «Студентоцентрированное обучение и практико-ориентированный подход» тақырыптарында баяндама жасады. Оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы А.М. Мұхамбетжан «Ағылшын тілінде білім бағдарламаларын құрастыру» жөнінде сөз сойледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми зерттеу жобаларын коммерциализациялау және басқарудың өзекті мәселелері» атты жазғы мектеп қатысушылары, ақпараттық технологиялар және инновациялық даму басқармасының бастығы Қ.Қ. Дәуренбеков және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі С.И. Ибадулла, сонымен қатар «Business-START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Ш.Оразмахановтар «Ранжирование образовательных программ в Казахстанских вузах по подготовке IT кадров» және «Коммерциализация бизнес-идей и командных проектов обучающихся вуза» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.
Семинарға 50-ден астам адам қатысты. Семинар барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір-талас жүргізіп, семинар тақырыптарын талқылады. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификат алды.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет