gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Мәңгілік Ел жүрегі – Астана

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Айбыны асқақ Астанамыздың мемлекетіміздің тірегіне айналғанына – 19 жыл. Ал бас қаланың мерейін тасытуға арналған мерекелі күннің атап өтілгеніне биыл – 8 жыл. Астана күні мерекесіне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Мәңгілік Ел жүрегі – Астана» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми шараға университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректор Абайбек Жүнісов модераторлық етті. Сондай-ақ жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысып, Астананың бүгінгі келбетіне, әлемдік келіссөздер орталығына айналған арена екеніне тоқталды.
Конференция барысында университет ғалымдары мазмұнды баяндамалар жасалды. Университеттің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Келмағамбетов Астананың әлемдік сәулеттің озық үлгісі екендігіне кеңінен тоқталып, ондағы сәні мен салтанаты келіскен әрбір ғимараттың терең тарихынан сыр шертті.
Қатысушылар мәні зор шара соңында бас қаламыз – Астананың кешегісі мен бүгінгісін көз алдына елестеткендей күй кешті.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет