gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Құрылыс және мұнай салаларының инновациялық қуат және ресурсүнемдеуші технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Қызылорда бөлімі, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының Қызылорда филиалы және ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен «Құрылыс және мұнай салаларының инновациялық қуат және ресурсүнемдеуші технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл маңызды ғылыми шараға аймақ ғалымдары, кәсіпкерлер мен өнеркәсіп орындарының қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР ҰИА академигі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы ашты.
Университет «Құрылыс және мұнай салаларында инновациялық қуат және ресурсүнемдеуші технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынды.
Құрылыс материалдарын өндіруде орасан зор қуат мөлшері пайдаланылады. Небәрі бір өнім түрінің жалпы қуатсиымдылығы кейде қоршаған ортаны ластауға, табиғи ресурстардың жұтаңдануына және топырақтың деградациясына әсер ететін бірқатар процестерді қамтиды. Статистикаға сәйкес қуаттың әлемдік тұтыну мөлшерінің 45 пайызға жуығы және материалдар шығынының 40 пайызға жуығы құрылыстың үлесіне тиесілі. Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары өз еңбектерінде кәдімгі бетон, арболит, полистиролбетон, көбікбетон өндірісінде күн қуатын пайдалану проблемасын қарастырды. Өнімді жылуымен өңдеудің нақ өзіне отынның үлкен көлемі жұмсалады және арта түскен құрылыс көлемі жағдайында шығындар ұлғая түседі. Тіпті ең қарапайым есептеулер бойынша 1 куб. м темірбетонның қатаюын тездету мақсатында термоөңдеуге газбен есептегенде 37 куб қажет етіледі. 2013 пен 2014 жылдарда Қазақстан Республикасында жинамалы бұйымдардың жыл сайынғы 2 млн.м3 астам көлемдегі өндірісінде жылына 70 млн.м3 артық газ жұмсауға тура келді.
Еңбектің авторлары кең көлемді зерттеулер жүргізіп, күн энергиясын өз бетінше немесе онымен бірге ішінара дәстүрлі қуат көздерін пайдалану арқылы түрлі бетон бұйымдарының тиімді қатаюын қамтамасыз ету мәселесін шешуге болатынын дәлелдеді. Авторлар орындаған құрылыс индустриясындағы гелиотехнологияларды ғылыми және практикалық зерттеулер нәтижелері 78-ден астам мақалаларда жарияланды және 10 авторлық куәліктер және патенттермен қорғалды, өнеркәсіптік өндіріс үшін тұтас бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Бүгінгі күні қатты қалдықтар проблемасы әлемнің бір де бір елінде толық көлемде шешілген жоқ, оларды кәдеге жарату ХХІ ғасырдың күн тәртібінде қалып отыр. Мұнай қалдықтарының ең кең таралған түрлерінің бірі түрлі технологиялық участкелердің ақпа суларын мұнайөнімдерінен тазалау кезінде пайда болатын мұнайшламдары болып отыр. Олар тағы мұнайды қайта өңдегенде де пайда болады, оның үстіне олардың шығуы қайта өңделетін мұнайдың 1 тоннасына 7 кг дейін жетеді. Университет ғалымдары бұл проблеманы мұнайшламы-шағыл құм үйлесімінде сазды жыныстарды қайта өңдеу негізінде жылуоқшаулағыш түйіршікті кеуек материалдар алу арқылы шешу мүмкіндігін дәлелдеді. Қалыптау, кептіру және күйдіру сатыларында энергетикалық шығындарды азайтудың жаңа жоғары нәтижелері алынды. Университет ғалымдарымен асфальт-қарамай-парафин шөгінділері негізінде отын брикеттерін шығару технологияларын, асфальт-қарамай-парафин шөгінділері негізінде асфальтобетондардың жаңа технологияларын жасау арқылы мұнай қалдықтарын кәдеге жарату проблемасын шешу мүмкіндігі дәлелденді. бойынша Сонымен қатар, университет ғалымдары мұнай қалдықтарын және күріш қауызын утилизациялау арқылы асфальтобетон, отын брикеттерін және жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарынының жаңа түрлерін жасаудың тиімді технологияларын әзірледі.
Әлемде жыл сайын күрішті бастыру нәтижесінде 600 миллион тоннаға жуық қауыз пайда болады. Оның көп бөлігі отқа жағылады не жерге көміледі, ал бұл үлкен жер алаптарын қажет етеді. Ал ең қызықтысы сол, күріш қауызы өзінде кремний диоксиді болуына байланысты жерде ыдырамайды. Ал қауыздарды өртеген кезде табиғат пен адам денсаулығына теріс әсер ете алатын заттар бөлініп шығады. Күріш қауызын кәдеге жарату барлық әлемде, әсіресе күріш негізгі дақыл болып табылатын елдерде (Қытай, Үнді, Египет, Оңтүстік Корея, Африка елдері мен ішінара Ресей, Өзбекстан) көкейкесті проблеманы білдіреді. Солай болса да, кәдеге жаратылған күріш қауызы адамға үлкен пайда әкеле алады; оның әлеуеті әзірге өнеркәсіпте аз пайдаланылалы. Университет ғалымдары өздерінің зерттеулерімен композициялық матриал – күріш қауызы негізінде арболит алу мүмкіндігін дәлелдеді. Ауыл шаруашылығының өсімдіктік қалдықтарын зауыттық өндіріс есебінен кәдеге жарату тәсілі тек құрылыс индустриясы мәселелерін ғана емес, экология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын да шешудің нақты мысалы болып табылады.
Мұнаймен ластану ауқымы бойынша да, улылығы бойынша да жалпы планетарлық қауіп төндіреді. Мұнай мен мұнай өнімдері ағзалардың улануын, қырылуын және топырақтың реградациясын туғызады. Топырақ беттерін мұнаймен ластанудан тазарту проблемасын шешу, мұнаймен тастанған жерлерді қалпына келтірудің жаңа технологияларын жасап, бұрынғыларын жетілдіру басымдықтар қатарына жатады. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары университет қабырғасында жасалған жаңа биопрепараттарды пайдалану арқылы топырақты тазарту және мониторинг технологияларының жоғары тиімділігін көрсетті.
Елдің түрлі табиғи-климаттық аймақтарында алынған өндірістік мәліметтер мен көптеген тәжірибелердің нәтижелері аталған көкөністерді жеңіл үлдір жабындарды пайдаланып өсіру үлкен экономикалық тиімділік беретінін көрсетеді. Мысалы, университетті жылыжай шаруашылығының мысалында қиярдың өнімділігі 1 кв.м-ге 45-60 кг құрайды, ал жарық сүйгіш дақылдар 1 кв метрге 130 кг құрайды, ал ашық жерлерде бұл 1 кв метрге небәрі 4 кг құрайды.
Университет ғалымдары әзірлеген технологиялар бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында сұранысқа ие. Ғылыми шара барысында Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ералиев Абзал Жұмашұлы «Энергетикалық қорларды өңдеудегі жаңа технологиялар», техника ғылымдарының докторы, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Өмірзақов Серікбай Ыдрысұлы «Ресурстарды тиімді пайдалану – әлемдегі өзекті мәселе», техника ғылымдарының кандидаты, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ техникалық директоры, Қазақстанның 2015 жылғы үздік инженері Байманов Ғалым «Новые методы очистки нефтезагрязненных территорий в аридном жарком климате», биология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Биология, география және химия» кафедрасының профессоры Ибадуллаева Салтанат Жарылқасынқызы «Мұнай өндіру аймақтарындағы техногенді ластанған экожүйелердің мониторингі», техника ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры Үдербаев Сәкен Сейтқанұлы «Ресурсосберегающая технология арболита на основе местных сырьевых ресурсов» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жылыжай шаруашылығының жетекшісі Дямуршаева Галина Евгеньевна «Зеленые технологий в тепличном овощеводстве» тақырыптары бойынша баяндама жасады.
Мазмұнды баяндамалардан соң дөңгелек үстел жұмысы қорытындыланды.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет