gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Университет 80-шы оқу жылын бастады

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Биыл – университет үшін тарихи жыл. Сыр өңіріндегі іргелі білім ордасы, аймағымыздағы білім мен ғылымның, өнердің қарашаңырағына айналған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне – 80 жыл. Ғасырға таяу уақытта білім ұясынан елге танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегері, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар қанат қақты. Бүгін оқу ордасы дәстүрлі түрде білім күні мерекесін қарсы алып, 80-шы оқу жылын бастады.

Салтанатты шарада университет ректоры, т.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы университет табалдырығын аттаған жас талапкерлерге сәтті қадам тілеп, жасампаз Қазақстанның үлкен үміт күтер азаматтары бүгінгі студенттер арасынан табылатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ университет дамуына үлес қосқан қызметкерлерді Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен марапаттап, белсенділігімен ерекше көзге түскен білім алушыларға Алғыс хат табыстады.
Жыл өткен сайын материалдық-техникалық базасы нығайып, профессор-оқытушыларының кәсіби біліктілігі жаңа сатыға көтеріліп отырған оқу орнының бүгінде абыройы асқақ, беделі биік.
Жаңа оқу жылында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мыңнан астам білім алушы таңдады. Университет білім беру бағдарламасын толықтыра отырып, бакалавриат бойынша химия-биология және туризм, магистратура бойынша қаржы мамандықтарын ашуға қол жеткізді.
Жыл сайын аймақтың білім, мұнайгаз ісі, құрылыс, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы секілді түрлі салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында университет студенттері үшін Қызылорда облысы әкімінің білім гранттары бөлініп келеді. Биылғы оқу жылында 28 мамандық бойынша Қызылорда облысы әкімінің 150 гранты бөлінді.
Шара соңында Білім алауы тұтанды, оны "Үздік студенттік кеңес" төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенттінің степендия иегері, республикалық пәндік олипиада жеңімпазы Жағыпар Ақғалым жақты.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет