gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Кездесу FEST» жастар фестивалі өтті

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Жуырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының резиденттері болып табылатын «Қорқыт Өнер мектебінің» ұйымдастыруымен орталық алаңда «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі және Университетіміздің 80 жылдығына орай шахмат пен тоғызқұмалақтан «Кездесу FEST» жастар фестивалі өтті.

Шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері атсалысты.
Жарыстың мақсаты – жастардың ойлау қабілетін шыңдау, тоғызқұмалақ пен шахматты жастар арасында дәріптеу болып табылады. Сонымен бірге аталмыш іс-шара жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды.
Жалпы шараға 100-ге жуық белсенді жастар қатысты. Нәтижесінде шахмат сайысы бойынша І орынды – Нұрсұлтан Есеналиев жеңіп алды. ІІ орын – Сұлтан Қошниязға бұйырды. ІІІ орынды – Әділет Ерсерік иемденді. Тоғызқұмалақ сайысы бойынша І орынды – Бектай Қошқаров алса, ІІ орынды – Ақтолқын Қошқарова жеңіп алса, ІІІ орын Әділет Ерсерік қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бұдан бөлек, «Бизнес START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының резиденттері болып табылатын «Қорқыт Өнер мектебінде баланың логикасын, ойлау қабілетін шыңдайтын шахмат, тоғызқұмалақ кәсіби сурет, қолөнер, сондай-ақ математика, бастауыш үй жұмысын оқыту сабақтарынан пәндік, компьютерлік сауаттылықты арттыратын мультипликация, ақпараттық жүйе үйірмелері жұмыс жасауда. Оған мұғалімдер мен студенттермен қатар мектеп оқушылары да қатыса алады. Ал қосымша тіл үйренуге тілек білдірушілер қосымша ағылшын және қытай тілдерінен сабақ алуына толық мүмкіндік бар.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет