gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Университет ұжымы Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесу өткізді

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі, Бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қамшыбек Қонқабаевтың университет профессор-оқытушылары және студенттерімен кездесуі өтті. Шараны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, оқу ісі және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Бахытхан Абдикаримов ашты.

Қамшыбек Қоңқабаев 2017 жылдың 3 қыркүйек күні Германияның Гамбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында +91кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Талайлар көз тіккен тартысты додада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс жолында өршілдігін танытқан Қамшыбек Қоңқабаев тек Сыр елінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналды. Ол осыған дейін Оңтүстік Кореяда өткен Қарулы күштер арасында Бүкіләлемдік спорт ойындарының, Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері және өзге халықаралық дәрежедегі спорт додаларының жеңімпазы атанған.
Сыр өңіріндегі 80 жылдық тарихы бар университетте үлкен жетістіктердің бастауы, толайым табыстардың жаршысы бола білген ұстаздарымыз жетерлік. Оған білім ордасынан түлеп ұшқан елге танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар дәлел. Спорттың түрлі салалары бойынша университетімізде халықаралық деңгейде 8 студент Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушысы, 10 студент Әлем чемпионы, 31 студент Азия чемпиондары және 115 студент республикалық дәрежедегі үздіктер мен жүлдегерлер қатарында болғанын мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңда университет қабырғасында Қазақстан Республикасының 14 спорт шебері білім алуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін халықтың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту жөніндегі бастамасына орай студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Университетімізде 10 бағытта түрлі спорттық секциялар жұмыс жасайды. Футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, пауэрлифтинг, атлетикалық гимнастика, жүзу, фитнес және бокс секциясы.Барлығы секцияларға 1330 студент тартылған, соның ішінде боксқа 64 жас қатысады. Оның ішінде 17 қатысушы қыздар тобында. 2016-2017 оқу жылында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығы аясында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент-жастары арасында алғаш рет бокстан 8 салмақ бойынша университеттің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Бұл турнирдің мақсаты жастар арасында спорттың бокс түрін дамыту. Болашақ республика, әлем және олимпиада чемпиондарын дайындау болып табылады.
Жиында жас спортшы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіске жету жолындағы қиындықтары мен қажырлы еңбегі жайында баяндады. Сондай-ақ, Қамшыбек Қоңқабаевтың ұстазы, облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы, университеттің профессоры Жақсыбек Егізбайұлы сөз сөйлеп, шәкіртіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, бокстан өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев 5 қыркүйекте аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың арнайы қабылдауында болып, марапатталды.
Шара соңында Қамшыбек Қонқабаевқа университет ұжымы атынан еліміздің спорт саласын дамытуда, ел мерейін халықаралық аренада көтеруге өлшенбес із қалдырғаны және бұқаралық спортты насихаттау саласында сіңірген зор еңбегі үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Үздік түлек» медалі табысталды.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет