gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«CISCO желілік академиясы»

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

2017 жылдың қазан айының 11-ші жұлдызы күні 5 оқу ғимаратында “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер” кафедрасының базасында 300 аудиторияда «CISCO желілік академиясының» ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсіміне Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, а.ш.ғ. докторы Таутенов Ибадулла Айғалиұлы, Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқарма басшысы: т.ғ.к., Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы, “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., PhD Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы және кафедраға қарасты 1-4 курс оқу топтарының студенттері мен информатика мамандығының студенттері және профессор-оқытушы құрамы қатысты.

CISCO желілік академиясы – бұл халықаралық үлкен компания, компьютерлік желілерді жобалау, құру, қорғауды теориялық және тәжірибе жүзінде электронды түрде оқытып мамандар даярлайтын бүкіләлемдік академия. Академия толық оқу материалдарымен қамтылған және студенттерді ақпараттық технология саласында қажетті білім алумен қамтамасыз етеді. Бағдарлама Интернет арқылы алуға болатын оқу материалдардан, алған білімдерін бағалаушы электрондық тестілеу жүйелерінен, практикалық, лабораториялық сабақтардан, сонымен қатар кәсіптік деңгейдегі сертификаттар алуға дайындық курстарынан тұрады.
Ашылу рәсімінде Таутенов И.А., Дәуренбеков Қ.Қ., Ибадулла С.И. сөз алып, академияның жұмысына сәттілік тіледі. Кафедра оқытушысы Болатбаев Н. CISCO желілік академиясының жалпы жұмыс жасау принциптеріне жан-жақты тоқталып, сипаттама берді.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет