gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Тарихтан - тағылым

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Мәдени мұра – рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды.Орталық жетекшісі т.ғ.к., Әзілхан Тәжікеев алдымен орталықтың негізгі атқаратын жұмыстары мен маңызын айта келіп, көне дәуірлік мұралардың құндылықтарына тоқталды.

2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалды. Сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Ал 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен РФ Астрахан облысындағы, Батыс Монғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедиция жұмыстары жүргізілді.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет