gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Рухани жаңғыру – болашаққа сенім»

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «30 жұлдызды күн» аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін өткізді.

Кітап көрмесі Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тарихи маңызы зор мақаласына арналып, бірнеше бағыттарды қамтыды.
«Тарих толқынында» деп аталған бірінші бөлімге бір ғасырда жететін жетістіктерге ширек ғасырда қол жеткізген Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалын әлемдік деңгейде баяндайтын кітаптар, мерзімдік басылымдар, фото-суреттер мен құжаттар қойылды.
Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыру мақсатында ұлттық сана-сезімді төл тарихымыздан, бабалар қалдырған асыл мұралардан тұшынып, қайта жаңғырту қажеттігі жайын насихаттайтын құнды дүниелер кітап көрмесінің «Ұлттық код – «Мәдени мұра» деп аталған екінші бөлімінде көрсетілді. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауыздан-ауызға тарап келген қазақтың ауыз әдебиетінің жәдігерлері: хикаялық әңгімелер, батырлар жырлары, өсиеттер, ғашықтық жырлар, тарихи жырлар, «Бабалар сөзі» сериясымен шыққан 100 томдық және «Сырдария кітапханасының» 200 томдық туындысы Қызылорда облысының әкімдігі мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыт Ата мұралары және тарихи өлке» ғылыми-зерттеу орталығының бірігіп құрастырған еңбектері айрықша мақтаныш. Сыр бойы шайырларының жырлары, ауызша және жазба әдебиеті өкілдерінің шығармалары топтастырылған «Сырдария кітапханасы» 2016 жылы Астана қаласында «Фолиант» баспасы ұйымдастырған халықаралық кітап көрмесінде жоғары бағаланғаны туралы айта кеткен жөн.
Қазақтың қолданбалы өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын баяндайтын көркем суретті фотоальбомдар да оқырмандар назарына ұсынылды.
Ақыл-парасатты жинаған көкрем әдебиеттерді қайта түлету мақсатында «Әдеби жәдігерлер», «Қазақтың 100 романы», «Алтын қалам», «Ата мұра» т.б. сериялармен жарық көрген қазақтың ақын-жазушыларының шығармалары көрермендер көзайымына айналды.
«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласында Президент: «Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрмағазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»,- деп атап көрсеткендей аталған тұлғалардың туындылары кітап көрмесінен орын алды.
«Бір ел-бір халық-бір тағдыр» қағидасымен қазақ даласында өмір сүретін, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достық сезімдерінен көрініс беретін тарихи туындылардың орны ерекше.
«Қазақстанның киелі жерлері» бағдарламасы аясындағы зерттеліп жатқан ғасырлық мәдени ескерткіштер, археологиялық қазбалар нәтижелері де көрме төрінде.
«Латын әліпбиіне көшу – тарих талабы» айдарымен берілген бөлімде қазақ елінің тас мүсіндерде қашалып жазылған таңбаларынан бастап, әр жылдарда әліпби өзгеруінің тарихы кеңінен ашылған.
«Туған елге ту тіккен» ұрпақтар сабақтастығы қазақ халқының атадан келе жатқан мирас ғұрыпы. Қазіргі кезде туған жеріне, еліне, ауылы мен мекеніне сүйіспеншілік танытып жүрген өз заманымыздың патриоттары туралы сыр шертетін мәліметтер де қарастырылған.
«Білімде шекара жоқ»,- дейді даналар. Бар жетістік білім арқылы жүзеге асырылады, білімді ұрпағы бар ел ғана табысқа жетеді. Сыр елінің іргелі білім ошағы 80 жылдық тарихы бар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушы-профессорларының, жас ғалымдар мен магистраннтар және студент жастардың ғылым саласында қол жеткізген жаңалықтарын баяндайтын бөлім «ҚМУ оқытушыларының еңбектері» айдарында толығымен көрсетілген.
Елбасы өзінің мақаласында «Сандық Қазақстан» жобасына баса назар аударды. Кітапхана қорындаға сирек кездесетін әдебиететер бөліміндегі ескі жәдігерлер электронды форматқа аударылып жатса, ғалымдар өз еңбектерінің электронды нұсқаларын ішкі және сыртқы электронды кітапханаларға орналастыруда.
Екі миллионнан аса қоры бар байырғы кітапхананың мақсаты мен міндеті білім іздеген, ғылыммен айналысқан әрбір оқырманға сапалы, тиімді қызмет көрсету және еліміздің ұстанып отырған озық үлгілі тәрбиелік мәні зор, рухани құндылықтарды сақтап, насихаттап, түрлі іс-шаралар өткізіп, жас ұрпақтың өсіп-жетілуіне ат салысу.
Аталмыш кітап көрмесі ғылыми-техникалық кітапханада бір ай бойына тұрады және басқа тақырыптағы іс-шаралар өз жалғасын табады.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет