gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында тұңғыш президент күніне орай «Тұңғыш президент күні - ұлт руханиятының құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізіп отырды.

Президент бастамасымен қабылданған стратегиялық бағдарламалар Қазақстанның даму басымдықтарын айқындап келеді. Еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашатын стратегиялық бағдарламалар нәтижелі орындалуда. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатын кезең-кезеңмен жүзеге асыруда. Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызы ерекше. Мақалада Елбасы қолға алынып отырған саяси және экономикалық реформалардың негізіне айналған рухани жаңғыру идеясын ұсынды. Қоғамның санасын жаңғыртудың: Бәсекеге қабілеттілік, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы сынды негізгі бағыттарын ашып көрсете отырып, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты бағдарламаларды белгілеп, оларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.
Сонымен қатар э.ғ.к Қ.Құдайбергенов «Елбасы саясатындағы Сыр елі», ф.ғ.к., О.Бермаханов «Рухани құндылықтардың адам капиталын дамытудағы маңызы», Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Елбасы бастамалары – сот реформаларының негізі», т.ғ.к М.Аңсатова «Елбасы саясаты және тарих ғылымы», Н.Мыңжасов «Этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық моделі», А.Оразбақов «Президент саясаты және ұлттық демографияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми баяндамаларын оқыды.
Жиын барысында конференцияға қатысушылар мен қонақтар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өзара еркін пікір алмасу болды.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет