gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты іс-шарасы аясында Филология, тарих және құқық факультетінің бір мезетте 630 студенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: ұғымы, құрылымы, міндеттері мен функциялары» тақырыбында дәріс тыңдады.

Дәріс барысында Құқықтану кафедрасының доценті Ж.А.Исаева, аға оқытушылары Е.А.Алтаев, А.К.Муйденова және Ж.С.Шукеновалар дәріс оқып, студенттерге сыбайлас жемқорлық ұғымы мен оның құрылымы, міндеттері мен функцияларына түсіндіре отырып, қоғамымызда күн санап өсіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізетіндігінбаса айтты.
Елбасымыз айтқандай «Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының біртұтас кешені» екендігі анық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін бүкіл қоғам болып жүргізгенде және оның алды-алу шаралары қалыптасқанда ғана ол азаяды. Ал оны түп тамырымен жою үшін халықтың мәдениетін көтеру қажет.
Сонымен қатар дәріскерлер «Мемлекеттік қызметпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Ұлт жоспары-100 нақты» қадамның 13-қадамы туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы» туралы айта келіп, бейнероликтер көрсетті. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдаудың да барынша әділ жүргізілуін мемлекет қатаң бақылауға алып отырғанын баса айтып өтті. Дәріс соңында студенттер тақырып төңірегінде сауалдар қойып, өз ойларын ортаға салды.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет