gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Академиялық саясат мәселелері талқыланды

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, құралдар және субъектілер» атты аймақтық семинар-тренингінің алғашқы күні өтті. Семинардың мақсаты – білім беру субъектілерінің академиялық тұтастығын талқылау және талқылау негізінде академиялық саясатты тиімді жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін дамытуға жәрдемдесу.

Семинар-тренинг барысында университеттің академиялық саясатын жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшелерін анықтау, академиялық саясатты жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелердің беделін арттыру, академиялық саясатты басқару процесі мен әдістерімен танысу, академиялық саясат субъектілерінің жауапкершілігін анықтау, академиялық адалдық пен сапа саясатының қағидаларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Жиында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобының қадағалау кеңесінің төрағасы Өмірбаев Серік Мәуленұлы, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобының мүшесі Ахмед-Заки Дархан Жумаканұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет