gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Құрылым Ректор Кадрлар бөлімі
 
 

Кадрлар бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать


Кадрлар бөлімінің бастығы – Қонысбаева Ұлданай Дүйсембайқызы.


Кадрлар бөлімінің инспекторлары – Байкенжеева Арай Жолдасбайқызы, Сатбаева Сандуғаш Аширбайқызы, Байдүйсен Әсел Тәңірбергенқызы, Ермекова Акнұр Бактыбайқызы, бөлімнің программисті – Әміржанқызы Гүлдана.
Кадрлар бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:
-университет штатын қажетті кәсіптер, мамандықтар мен біліктіліктегі қызметкерлермен толықтыру;
-университететте кадрларды іріктеп, орналастыру;
-кадрлар бөлімінің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестерді басқару және жағдайды болжау;
-кадрларды оқыту, даярлау және біліктіліктерін жоғарылатуға қатысты жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу;
-университеттің білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру;
-кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру;
-университетте кадрларды есепке алу жүргізу;
-кадрлық резерв жасау.
Кадрлар бөлімінің атқаратын міндеттеріне жатады:

-Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және шығару, оларды дұрыс пайдалану, кадрларды қабылдау мен қозғалысын рәсімдеу;
-жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттарды жүргізу және сақтау: қызметкердің кәзіргі және бұрыңғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік мараптаттарға және көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау;
-бос қызмет орындарына орналасуға және ұсынуға арналған резерв жасау үшін кадрларды іріктеу мақсатында университет қызметкерлерінің құрамын, іскерлік және кәсіби қасиеттерін талдау;
-аттестаттау және біліктілік комиссияларының жұмысына қатысу;
-қызметкерлермен еңбек және шұғыл еңбек келісімшарттарын жасау, еңбек және шұғыл еңбек келісімшарттардың құпиялығы мен сақталуын қамтамасыз ету;
-университет қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын сақтауды қамтамасыз ету;
-кадрлардың тұрақтамау себептерін талдау, оларды болдырмау шараларын жасау;
-университет қызметкерлерін жұмыстан шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалығын қадағалау;
-университет кафедралары мен бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жағдайына бақылау ұйымдастыру және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;
-кадрлық мәселе бойынша белгіленген есептілікті дер кезінде ұсыну. Бөлімде автоматтандырылған кадрлық қызмет жүйесі бойынша жұмыс жолға қойылған: жұмыс барысында үш бағдарлама қолданылады: «Сұраныс», АРМ-құжатайналымы, АРМ-кадрлар – персонал мен кадрлық жұмыс туралы мәліметтер базасы, онда қызметкерлердің 8 тұғыр бойынша мәліметтері көзделген (жеке деректері, білімі туралы мәліметтер, жұмысы туралы мәліметтер, еңбек демалыстары, отбасылық жағдайы, көтермелеу, шара қолдану, марапаттар, іссапарлар, кадрлық ауыстырулар туралы мәліметтер), оларда 137 функция қамтылған. Енгізілген мәліметтер арқылы университет, факультет, кафедралар мен бөлімшелер бойынша сұраныс түрінде ақпараттар алуға болады. Бөлімде МС-ИСО-9001-2011 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленіп, университет басшысы бекіткен университеттің бөлімдері мен бөлімшелері туралы ережелер, қызметкерлердің қызметтік міндеттері бар.

 

Мекен-жай: 
Әйтеке би көшесі 29А, Бас ғимарат, кабинет 205
Телефон: 87242 (278628)

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет