gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Құрылым Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ғылым департаменті «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығы
 
 

«Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығы

E-mail Баспаға жіберу
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін университет ректорының 10.10.2011 ж. № 1870-а бұйрығымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығы» (АҚЗҒО) құрылымдық бөлімшесі құрылды.
АҚЗҒО директоры – РhD докторы Бекжанов С.Ж. АҚЗҒО-ның 2016-2017 оқу жылының штаттық бірлігіне сәйкес 2 аға ғылыми қызметкер (а.ғ.қ.), оның ішінде 1 в.ғ.к., 1 а-ш.ғ.к., 2 кіші ғылыми қызметкер (к.ғ.қ.) және 1 әдіскер, оның ішінде 3 а-ш.ғ.м. жұмыс жасайды.
АҚЗҒО мақсаты: техникалық және аграрлық ғылымдар саласы бойынша ғылыми зерттеулерді дамыту және үйлестіру.
АҚЗҒО негізгі міндеттері: Қызылорда облысында ғылыми жобаларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым, бастамашыл, тәуекелді зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға ықпал ету; экономика мен әлеуметтік саланың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында университет ғалымдары мен кәсіпкерлік ортаның өкілдерін біріктіру; студенттер мен магистранттарды ғылыми зерттеулерге тарту; жаңа инновациялық өндірістерді ашуға ықпал ету; "серпінді" жобаларды қаржыландыруға қолдау жасау және көмек көрсету; техникалық, ауылшаруашылық және биологиялық мамандықтары бойынша студенттер, магистранттар, сондай-ақ оқытушы-профессор құрамы үшiн оқу, ғылыми және өндірістік база қызметін орындау.
Бүгінгі таңда ғылыми орталық университет кафедралары мен құрылымдық бөлімшелері, сонымен қатар Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ-мен тығыз байланыс орнатты.
АҚҒЗО тарапынан ғылыми-теориялық жобаларды тәжірибеге енгізу үшін қаржы көздерін іздестіру мақсатында 2017-2020 ж.ж. кезеңіне «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру» АҚ, Қызылорда облысының ауылшаруашылық басқармасы облыстық бюджеттің 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобаларға ұсыныс беруге жоспарланған. Атап айтқанда:
1. «Қазақстандық Арал өңірінің күріш жүйелерінде қант құмайы мен африкалық тарыны көк балаусаға және жем-шөп мақсатында өсірудің интенсивті технологиясын әзірлеу». Жоба авторлары: а-ш.ғ.д. И.А.Таутенов, РhD докторы С.Ж.Бекжанов, РhD докторы Н.Ш.Нұрғалиев, а.ғ.м. Айбекқызы А.
2. «Сыр бойында Қазақтың ақбас ірі қара малының жоғары сапалы сиыр етін өндіру технологияларын өндіріске енгізудің ғылыми негіздері». (Жалағаш ауданы, «Бақдаулет-57» фермерлік қожалығы мысалында). Жоба авторлары: а.ғ.қ., в.ғ.к. С.А.Кенжебаев, а.ғ.м., к.ғ.қ. Б.Ә. Оразалиев.
3. «Цехтік жүйеде Қазақтың ет бағытындағы қылшық-жүнді қойын бордақылау технологияларын, қой етінің экспортын сыр бойында әлеуетін көтерудің ғылыми негіздемелерін іске асыру. (Сырдария ауданы, Бесарық ауылындағы 10000 бас қойға арналған мал бордақылау алаңы мысалында)». Жоба авторлары: а.ғ.қ., в.ғ.к. С.А.Кенжебаев, а-ш.ғ.к. Т.Қосаев.
4. Аймақтағы ауылшаруашылық малдарының гельминтологиялық ауруларының эпизоотологиясын зерттеу, инновациялық емдеу-профилактикалық іс-шараларын мал дәрігерлік-медициналық тәжірибеде қолдану. Шиелі, Жаңақорған аудандарының жекелеген шаруа қожалықтарында тәжірибелік іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Жоба авторлары: а.ғ.қ., в.ғ.к. С.А.Кенжебаев, а-ш.ғ.к. Т.Қосаев.
5. «Органикалық қалдықтардан жауын құрттарының көмегімен биогумус әзірлеу технологиясы». Жоба авторы а.ғ.қ., а-ш.ғ.к. С.О.Қосанов.
6. «Қылқан жапырақты және сәндік екпе ағаштарын Қызылорда облысының тұзды топырақтарына жерсіндіру». Жоба авторы а.ғ.қ., а-ш.ғ.к. С.О.Қосанов.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет