gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Халықаралық байланыстар бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать


Бөлім бастығы -
ф.ғ.к., Кеншінбай Темірболат Ыбрайұлы.

Университеттің халықаралық қызметі келешектегі әлемдік білім және ғылым қауымдастығына енуге бағытталған. Бұл жұмыс алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен серіктестік бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зеттеу қызметін іске асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік мобильділікті дамыту арқылы жүзеге асырылады. 2005 жылдан бері университет жоғарғы оқу орындарының Еуропалық Ассоциацисы (Брюссель, Бельгия), Еуразия-Тынық мұхит университеттерінің желісі (Вена, Австрия), Болон үдерісінің бастапқы негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясы (Болонья, Италия) құрамының мүшесі болып табылады. 2011 жылы 18 қарашада университет ТМД-ның 129 университетін біріктіретін жоғары оқу орындарының Еуропалық Ассоциациясының мүшесі болды (М.В.Ломоносов атындағы МГУ, Мәскеу).
Университеттің халықаралық байланыс қызметі төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасауда:
- шетелдік жоғары оқу орындарымен тiкелей келiсiм шарттар жасау арқылы ынтымақтастық орнату;
- елшiлiктермен, түрлi халықаралық қорлар және орталықтармен ынтымақтастық жасау;
- Магистратура, аспирантура/ (Ph.D) докторантура және ғылыми тағылымдама бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Түркия, Корея, Италия, Австрия, Германия, Польша, Япония, Малайзия, Ресей);
- Қос дәрежелі бағдарламалар бойынша білім беру, студенттермен алмасу, тілдік және мәдени, академиялық бағдарламаларды жүзеге асыру (Түркия, Корея, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Австрия, Германия, Ресей);
- студенттер, магистранттар және докторанттармен практикалық сабақ өткізу, дәріс оқу үшін шетелдік ғалымдарды, мамандарды және оқытушы-волонтерларды шақыру (АҚШ, Ұлыбритания, Египет, Түркия, Франция, Корея, Ресей);
- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың шетелдік студенттерін оқыту (Корея, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай);
- әр түрлі халықаралық бағдарламалар бойынша халықаралық және ғылыми жобаларды дайындау (ЮНЕСКО бағдарламасы, Европалық Одақтың Темпус бағдарламасы, АҚШ-тың Халықаралық Ғылыми Зерттеу және Алмасу Кеңесі (АЙРЕКС), Эдмунд Маски магистрлік бағдарламасы, Фулбрайт докторлық бағдарламасы (АҚШ), сонымен қатар, шетелде оқытушы-профессорлар құрамының бiлiктiлiгiн жоғарылату бағдарламалары, Халықаралық ғалымдармен ынтымақтастықты дамыту ассоциациясы (ИНТАС), Британ Кеңесі, Канаданың Халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Жопонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Премьер-министр жанындағы халықаралық ынтымақтастықтың Түрік әкімшілігі, Корея Халықаралық ынтымақтастық агенттігі және Халықаралық қоры);
- шетелде тілдік курстар және тағылымдамалар, әртүрлі курстар арқылы оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін жоғарылату (Халықаралық білім беру бойынша Америкалық кеңес АСПРЯЛ/АКСЕЛС, Британдық Кеңес, Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) және т.б.).
Бүгінгі күнге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Канада, Франция, Қытай, Египет, Ресей, Украина, Литва, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатылып, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен, қорлар және қоғамдық ұйымдармен 60 жуық ынтымақтастық келісім шарттар мен меморандумдар жасалынды.
Келiсiм шарттардың негiзгi бағыттары оқытушылармен және студенттермен өзара алмасу, оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру, халықаралық конференциялар және семинарларға қатысу, магистрлер мен аспиранттарды және ғылым докторларын даярлау болып табылады. Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен халықаралық қатынастар департаменті университет студенттеріне және оқытушы профессорлар құрамына презентациялар ұйымдастырып отырады.
«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша университетіміздің оқытушылары ғылыми тағылымдама және магистратура бойынша Жапония, Малайзия, Ресей, Украина, Канада т.б. елдерден білімдерін шыңдады, қос дипломдық білім алу бағдарламасымен оқып жатқан студенттеріміз де бар.
Қос дипломдық бағдарлама бойынша Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасалып жатыр. Жыл сайын университетіміздің 90-100 магистранттары Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы және т.б. жоғары оқу оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Университеттің халықаралық байланыстарының маңызды бағыттарының бірі шетелдік ұлттық және халықаралық қорлармен және білім мен ғылымды қолдау бағдарламаларымен ынтымақтастық жасау болып табылады.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ халықаралық жобалар мен бағдарламаларға жемісті қатысуда. Мәселен, CD_JEP 25224-2004 ''Қазақстанда оқу бағдарламаларын инновациялық жолмен дамыту және бизнес-пәндердi оқытуды қайта құру'' атты Темпус Бiрлескен Еуропалық жобаны (БЕЖ) 2006 – 2009 жылдар аралығында жүзеге асырды.
Университет 2010 жылдың қазан айынан бастап 510978-TEMPUS-1-2010-1-AT-TEMPUS-JPCR «Геоинформатика: энергияны, ресурстарды және қоршаған ортаны басқару» Темпус бірлескен жобасын жүзеге асыруда. Бұл халықаралық жобаға Австрия, Нидерландия, Венгрия және Орталық Азияның Қазақстан, Кырғызстан, Тәжікстан Республикаларының 10 университеті қатысуда.
2012 жылдың сәуір айынан бастап 517504-TEMPUS-1-2011-1-ES-TEMPUS-JPCR «Орта Азия елдеріндегі білім беруді басқару және педагогика оқу бағдарламарын дамыту мен модернизацилау» Теспус бірлескен жобасы Испания, Германия, Ұлыбритания, Ирландия, Литва, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдердің 16 университеттерінің қатысуымен іске асырыла бастады.
2012 жылдың қыркүйек айында 516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Қазақстандағы демократиялық қатысу және студенттердің өзін-өзі басқаруы» құрылымдық шаралар бойынша темпус бағдарламасының жаңа бірлескен жобасы ашылды. Бұл халықаралық жобаға Германия, Австрия, Латвия, Литва елдерінен европалық әріптестер мен Қазақстанның 14 жоғары оқу орны қатысуда.


 

Байланыс мәліметтері:
120014 Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі– 29А;
№ 210 кабинет; тел.-факс (7242) 26-17-25.
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет