gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Әлеуметтік-ізгілендіру пәндер кафедралары

интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

«Философия және мәдениеттану»кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Бермаханов Оңғар. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының тарихы сонау 1937 жылдан бастау алады. Кафедра Кеңес Өкіметінің репрессиялық саясатының барысында Қиыр Шығыстан қоныс аударған Қиыр Шығыс педагогика институтының марксизм және ленинизм кафедрасының негізінде құрылған.
2012 жылдан бері философия және мәдениеттану кафедрасына философия ғылымдарының кандидаты Бермаханов Оңғар жетекшілік жасап келе жатыр.
Кафедрада бакалавр және магистранттарға арналған төменде көрсетілген гуманитарлық пәндер оқытылады:
Философия;
Мәдениеттану;
Дінтану негіздері;
Ғылым тарихы мен философиясы;
2003 жылдан бастап университетте «Кредиттік технология» жүйе енгізілуіне байланысты кафедра оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде сапалы әрі жаңа кредиттік жүйе талаптарына сәйекес келетін оқу - әдістемелік материалдарды дайындап келеді:
- студенттер мен магистранттарға арналған оқу бағдарламалары (СИЛЛАБУС)
- пәндердің оқу - әдістемелік кешендері (ОӘК)
- пәндердің тақырыптарына байланысты кафедраның тест тапсырмалар жинағы.
Кафедра 2004 жылдан бастап сертификатталған оқытушылардан үнемі оқу- әдістемелік процестің жетілуін және ұсылынып отырған білімнің сапасын жетілдіріп отыруды талап ететін сапа менеджмент жүйесі бойынша басқарылып келеді.
Оқытушылар жұмыс барысында жаңарған жетілген әдістерді пайдалана отырып сабақ өтеді («тренингтер», «интерактивті тақтаны» пайдалану, «тематикалық ойындар»)
Кафедра құрамы:
Кафедра құрамы 10 адамнан және 1оқу көмекші персоналдан құралған. Кафедрада 1философия ғылымының докторы, 4 философия ғылымының кандидаты, 1 филология магистрі және 2 тарих магистрі жұмыс жасайды.
Ғылыми атағы мен дәрежелері бар профессор - оқытушылар құрамының орта жасы 45 жасты құрайды.
Кафедра жаналықтары:
2013 жылы кафедра оқытушысы Д.Омаров Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті.
Кафедраның басты міндеттері:
Кафедра оқытушылары ғылыми бағыттар аумағы: заманауи мәдениеттің визуалдық мәселелері, философия және өнер, ақпараттық мәдениет, заманауи көркемдік мәдениеттегі интернет -технологиялар, білім философиясы.
Ғылыми - әдістемелік жұмыс:
Кафедра нәтижелері көптеген ғылыми мақалаларда жарық көрген түрлі ғылыми әдістемелік жұмыстар жүргізіп жатыр:
Бермаханов О. «Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы» //«Мәдени мұра»Алматы,2013ж.
Сейсенов Б.С. «Техникалық ғылымдардың жаратылыстану ғылымдарымен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері», Үздіксіз білім берудің сапасын арттыру мәселелері: инновациялар және басымдықтар (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, І-бөлім), 32-бет, Қызылорда – 2011, 21 желтоқсан
Кулбашева Г.К. «Феномен независимости: философский аспект //Материалы IX Международной научно-практической конференции «Современные исследования-2013»-том 11.-София,2013г.
Әпенов Б.М. «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» //Материалы Первого форума «назарбаевские чтения».-Астана,2013ж.
Исабекова А.А. «Межпредметная интеграция как модель современного образовательного процесса» // «Хабаршы» №3.-Кызылорда,2013г.
Оқу - әдістемелік жұмыс:
«Кредиттік технология» жүйе енгізіуне байланысты кафедра оқытушылары қазақ және орыс тіліндегі сапалы және жан-жақты жаңа кредиттік жүйе талаптарына сәйекес келетін оқу - әдістемелік материалдарды дайындап келеді:
1.Оқу құралдары
2.Көмекші оқу құралдары (сөздіктер, глоссарийлер, анықтамалықтар, библиографиялық материалдар)
3.Магистранттар мен студенттерге арналған оқу пәндерінің бағдарламалары (силлабустар)
4.Пәндердің оқу - әдістемелік кешендері ( ОӘК)
- Б.С.Сейсенов. Ғылым техникалық таным философиясы. Монография.Алматы, 2011, 308б.
- О.Бермаханов. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары. Монография.Қызылорда, «Тұмар» 2008ж,-160б.
- Г.К. Кулбашева. 1001 тестовое задания по философии (для нефилософских
специальностей).-Кызылорда.:КГУ, 2008г.
- Г.К.Кулбашева. Учебная программа курса «Этика и эстетика».-Кызылорда.: КГУ,2011г.- 17с. С приложением электронного учебника «Эстетика и искусство».
- Г.К.Кулбашева. Учебная программа курс «Основы религиоведения».- Кызылорда.: КГУ,2013г.-16с.
- А.А.Исабекова. Рабочая тетрадь по культурологии.-Кызылорда.:КГУ,2008г.
Кафедра гуманитарлық пәндерді оқытудағы жан-жақты өзекті мәселелерді қамтитын бірнеше конференцияларға қатысты:
Бермаханов О. «Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы» //«Мәдени мұра»Алматы,2013ж.
Кулбашева Г.К. «Феномен независимости: философский аспект //Материалы IX Международной научно-практической конференции «Современные исследования-2013»-том 11.-София,2013г.
Әпенов Б.М. «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» //Материалы Первого форума «назарбаевские чтения».-Астана,2013ж.
Исабекова А.А. «Межпредметная интеграция как модель современного образовательного процесса» // «Хабаршы» №3.-Кызылорда,2013г.
Тәрбие жұмысы:
Философия және мәдениеттану кафедрасы жастардың салауатты өмір салтының, рухани-адамгершілік сипатының, белсенді өмір салты мен экологиялық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін біраз іс-шараларды өткізіп келеді. 2013 жылдың 21-қарашасында кафедра оқытушылары «Бүкіл әлемдік философия» күніне арнап университет ішінде «Қорқыт: мәнгілігі және өлімі,өмірі» атты тақырыпта сайыстық философиялық эссе ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары:
- Казақстандық қоғамның рухани дамуының ерекшеліктері және ұлттық жаңғыру мәселелері
а) саясат және құқық философиясы
б) ұлттық философияны дамыту мәселелері
в) қазіргі мәдениет дамуының мәселелері
1.Бермаханов О.Б. «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары»
2.Сейсенов Б.С. «Методологические аспекты технических наук»
3. Құлбашева Ғ.Қ. «Философский анализ феномена визуализации культуры»
4.Әбдіраманова АТ. «Показатели профессиональной культуры в традиционной и рыночной экономике Казахстана»
5. Әпенов Б.М. «Национальная традиция как отражение национального бытия»
6. Исабекова А.А. «Роль ораторского искусства в духовной жизни казахского народа»
7. Анламасова Ы.Ж «Особенности формирования бытия казахской философии»
8. Изтелеуова А.С. «Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының игерілу тарихы: жаңа тарихи контексте талдау (1946-1991жж)»
9. Телеубаев Т.Р. «К вопросу о влиянии религии на формирование социальных норм в обществе »
10. Әбікенов Ж. «Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі»
Ғылыми байланыстар:
-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(Алматы)
-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті(Алматы)

«Дене тәрбиесі» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: академиялық доцент Мощеев Владимир Викторович. Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі пәні барлық жаңа заман талабына сай кәсіби мәдениетті маман дайындайтын ұлттық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлығына міндетті оқу пәні ретінде кәсіби дене шынықтыру дайындығын, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелейтін, саламатты өмір салтын дамыту барысында студенттерің денсаулығын нығайтуға арналған психологиялық бірден-бір құрал.
«Дене тәрбиесі» кафедрасының негізі 1937 жылы құрылды.
«Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің денсаулығын нығайту, болашақ отбасының ата-анасын, кәсіби білікті маман қалыптастыру болып табылады.
Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 п.ғ.к., 1 доцент, 3 магистр, 7 аға оқытушы, 10 оқытушы.
«Дене тәрбиесі» кафедрасы «Хореография», «Дене шынықтыру және БӘД», «Музыкалық білім беру», «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандықтарынан басқа барлық мамандықтарды қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
- Дзюдо күресін үйрету әдістері. - Оқу әдіст. құралы. – Алматы, 2004. – Б. – 150.
- Қимыл-қозғалыс ойындарды оқыту әдістемесі. - Оқу әдіст. құралы. – Алматы, 2004. – Б. – 161.
- Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене шынықтыру сабағын өткізу ерекшеліктері. – Оқу әдіс. құралы. – Алматы, 207. – Б.- 180.
- Мектепте ұлттық қозғалыс ойындарын өткізіп, ұйымдастыру. – Оқу құралы. – Шымкент, 2010. – Б. – 208.
Тәрбие жұмысы: Кафедра «Сыр сымбаты» спорт клубымен бірлесіп университетте бұқаралық спортты дамыту мақсатында студент жастар, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасында жарыстар, спартакиадалар, акциялар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейді. Спорт үйірмелерін, денсаулық күндерін өткізіп, ұйымдастырады.
Ғылыми байланыстар:
- Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (Алматы);
- Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰТУ дене тәрбиесі кафедрасы (Алматы);
- Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (Алматы.
Ғылыми бағыттары:
- Арнайы дәрігерлік оқу топтарында ЕДШ өткізу әдістемесі;
- Сергіту сәттері мен сергіту минуттарын өткізу әдістемесі;
- Дене тәрбиесі жүйесіндегі жеңіл атлетика;
- Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні.
Кафедра жетістіктері:  п.ғ.к. Ж.М.Есиркепов 2011-2012, 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша университеттің «Үздік оқытушысы» грантының иегері атанды.
ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен VІІ-жазғы Универсиадаға кафедраның оқытушылары университеттің үздік спортшыларын қатыстырып, ауыр атлетика, самбо, тоғызқұмалақ, бокс спорт түрлері бойынша 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медалді жеңіп алды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан-2050 Стратегиясының «Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-ші басымдығына сәйкес және Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде (07.06.2014ж. №15 Хаттама) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының ағымдағы жылдың 7 маусымындағы №951-а бұйрығымен ашылды. Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту.
Кафедраның меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы тағайындалды және оның құрамы 10 штаттық бірлікте жасақталды. Өз мақсаты мен міндеттерін орындау барысында кафедра университеттің барлық мамандықтарына (1,2,3 курстардағы білім алушыларға) төмендегі пәндерден дәрістер береді: «Этносаясат негіздері», «Конфликтология», «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография». Аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына және оқу үдерісі мен білім сапасын жетілдіру барысында енгізілген сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленген.
Кафедрадағы оқытушы-профессорлар құрамының саны-10, оның ішінде 4 ғылым кандидаттары, 6 аға оқытушылар бар және олардың орта жасы-35 жас. Оқу үдерісімен қатар кафедра өзінің қызмет бағытына сәйкес аймақтағы этносаяси дамуға белсене араласатын болады. Бұл ретте Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған. Кафедра меңгерушісі Н.К. Мыңжас бірнеше жылдардан бері қоғамдық негізде ҚОҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі қызметін атқарып келеді.
ҚР Президентінің мемлекеттік этносаясат бойынша айқындап берген даму бағытын практикалық және ғылыми негізде іске асыруға, яғни этносаралық ынтымақ пен конфессияаралық татулықты, ұлттық бірлікті баянды етуге, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсенді қызмет ету кафедраның алға қойған міндеттері болып саналады.
Бүгінгі күні кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметін бастады.

«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу қөрме залы

 

 

КАФЕДРАНЫҢ АТАУЫ: Практикалық ағылшын тілі
Кафедра меңгерушісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Садыбекова Салима Ізбасқанқызы
Е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен 02.09.2013 жылы «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасы құрылды.
Кафедраның міндеті – ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларын пайдалана отырып, күндізгі және сырттай/қашықтықтан оқыту бөлімдерінде техникалық, экономикалық, гуманитарлық, педагогикалық, жаратылыстану және аграрлық мамандықтары білім алушыларына қазіргі заман талабына сай, үздіксіз деңгейлеп оқыту жүйесі аясында білім беру. Кафедра оқытушылары Үздіксіз білім беру Тұжырымдамасын әзірлеп, үш тілді жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға мамандарын даярлау бағытында бірқатар іс-шараларын жүзеге асыруда.
Кафедра кызметі аталмыш Тұжырымдама аясында үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру үшін құрылған іс-шара Жоспарына сәйкес атқарылады: ағылшын тілін үздіксіз деңгейлеп оқытуға арналған әртүрлі деңгейдегі оқу топтарына оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін, оқу-әдістемелік ұсынымдарын, үш тілді деңгейлік сөздіктерін дайындау, білім алушылардың тілдік деңгейін анықтау мақсатында тест жүргізу, білім алушылардың тілді білу деңгейіне қарай үздіксіз тілдік оқу курстарын ұйымдастыру, оқу жылының соңында кешенді емтихан жүргізу (оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім). Кафедраның кадрлық әлеуеті: Кафедрада 18 оқытушы және 1 лаборант жұмыс жасайды, оның ішінде 2 филология ғылымдарының кандидаты, 1 доцент және 8 магистр. Ғылыми атағы мен дәрежелері бар профессор - оқытушылар құрамының орта жасы 38 жасты құрайды.

Мекен жайы: №1 оқу ғимараты, Желтоқсан көшесі, 40
Телефон: 8(7242)27 01 64  
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет