gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Құрылым Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасы
 
 

Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Бөлім бастығы - Базартай Жандос Нұртайұлы

Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімі-университеттің әкімшілік-құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мақсаты - студенттердің қоғамдық өмірінің мазмұнды, тартымды өтуіне бағытталған тәрбиелік және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, жастар саясатын жүзеге асыру. Бөлім университетте қалыптасқан студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысына жетекшілік жасайды. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі – жастардың университет өміріндегі атқаратын орнын, маңызын, сипаттайтын ірі құрылым. Университетте атқарылатын іс-шаралар студенттердің өзін-өзі басқару жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, атап айтсақ, Студент-жастар Одағы, студенттердің кәсіподақ комитеті, Студенттік Альянс және студенттік кеңестер арқылы жүзеге асырылады. Студент-жастардың өмірінде болып жатқан қызықты кештер, кездесулер, пікірталастар, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, КТК сайыстары, дөңгелек үстел сынды әрқилы іс-шаралар, әсіресе «Студенттік көктем» фестиивалі, І-курс студенттері арасында жүргізілетін көңілді тапқырлар сайысы, факультет студенттерінің спартакиадасы бүгінгі таңда дәстүрге айналған. Студент-жастар өмірінде елеулі орын алатын ұйым - “Ақиқат” дебат клубы жастардың өмірге көзқарасын және қоғамдағы саяси процестердің мәні мен мазмұнын толық меңгеруге ықпал етіп келеді. Ондаған жылдар бойы «Ақиқат» дебат клубы мүшелері Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында көшбасында келеді.

Студенттердің “Ұлағат ұландары” қоғамдық бірлестігі облыс, республика аумағында орналасқан балалардың демалыс-тынығу лагерлерінде, қарттар үйінде, балалар үйінде жұмыс жүргізеді. Көңілді тапқырлар клубы қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайының жетістігі мен кемшілігін дөп басатын, әзіл арқылы ауқымды мәселелерді шешудің жолын көрсетуге, тұжырымды ой түйіндеуге ықпал ететін, көрерменінің сүйіктісіне айналған «Қорқыт жастары» КТК командасы республикалық дәрежеде өнер көрсетуде. Университетте жастардың спорттық өміріне ерекше назар аударылады. Жыл сайын жүргізілетін «Бірінші курс» сайысы, көктемгі маусымда өткізілетін спорт фестивалі сынды іс-шаралар дәстүрге айналып, университет шежіресінен орын алған. Бүгінде «Сыр сымбаты» спорт клубында спорттың 18 түрі бойынша спорттық үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және студенттер арасында қылмысты болдырмаудың алдын алу мақсатында құрылған «Қыран» еріктілер жасағы, «Интелектуал» оқу үздіктері қоғамы, Психологиялық әлеуметтік қолдау көрсету қоғамы, студенттердің «Зерде» ғылыми қоғамы және «Грация» би клубы, «Баспасөз» «Көркемөнерпаздар», Әскери-патриотық клубтар жұмыс жасайды. Осындай игі істерді ұйымдастыруға, сол арқылы болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуына, саналы тәрбие алуына ұйытқы болып отырған құрылым - Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімі.

Байланыс телефонымыз: 8 (7242) 27-41-91

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет