gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залы

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан»  оқу-көрме залы  2012 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашылды.

Оқу-көрме залының мақсаты  – білім алушы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға жәнеде Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысатын барлық зерттеушілерге мемлекетіміздің қалыптасу жылдарын, халықаралық қауымдастықтағы еліміздің мәртебесін Елбасының қызметімен ұштастыра отырып толыққанды ашып көрсету.

Оқу-көрме залы екі бөлімнен тұрады:

І бөлім. Көрме залы.

Бұл зал 16 планшеттен тұрады. Онда Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдарды тамашалауға болады. Сонымен қатар құнды фото және мұрағаттық материалдар, Елбасының күнделікті өмірінен сыр шертетін жазбалары  жәнеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимннің қабылдануы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Жарлықтар, заңдар, қаулылар сынды құнды құжаттар бар.

ІІ бөлім. Оқу залы.

Бұл залда 2 планшет орналасқан. 1-сі  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен отбасына арналған, 2-сі Украинадағы оқыған жылдары мен еңбектегі алғашқы қадамдарынан көрініс береді.   Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің наградалары, Елбасы қаламынан шыққан еңбектер, Елбасының қызметіне қатысты отандық және шетелдік авторлардың жазған кітаптары, Н.А. Назарбаевтың сүйіп оқитын әдебиеттері топтастырылған.

Экспозициялар  мазмұны:

1-планшет. «Тәуелсіздік жолында». Фотосурет: Н.Ә.Назарбаевтың КПСС-тың ХXVII съезінде шығып сөйлеген сәті, Кітапша: Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік Егемендігі түралы Декларация, Құжат көшірмесі: ТМД-ның құрылуы туралы Алматы декларациясы, Фотосурет: Елбасының БАҚ өкілдеріне сұхбат беру сәті. Фотосурет: Елбасының халықпен кездесуі, Құжат көшірмесі: Бүкілхалықтық  тұңғыш президенттік сайлаудың қорытындысы, Қаулы: Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау туралы, Кітапша: Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларациясы

2-планшет. «Семей полигоны және Байқоңыр ғарыш айлағы». Фотосурет: Астанада өткен «ХХІ ғасыр ядролық қарудан азат әлемге бет алу» халықаралық конференциясында шығып сөйлеген кезі, Жарлық: Қазақ Совет Республикасы Президентінінің Семей ядролық полигонын жабу туралы,  Заң: Ядролық сынақтарға жан-жақты тиым салу туралы шартты бекіту туралы,  Құжат көшірмесі: Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім, Фотосурет: Қазақ Совет Социалистік Республикасының Қазақтың тұңғыш ғарышкеры Тоқтар Әубәкіров, Фотосурет: қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев, Фотосурет: Невада Семей қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов, Фотосурет: Елбасы мен РФ Президенті В.В.Путиннің «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің алғашқы тасын қалау сәтіндегі кездесуі, Құттықтау хат: Елбасының ғарышкерлерді қарсы алу кезіндегі құттықтау сөзі, Сувенир: 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің макеті.

3-планшет. «Тәуелсіз Қазақстан». Жарлық: Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Жарлық: Қазақстан Республикасының Парламенті мен депутаттарының мәртебесі туралы, Фотосурет: Қазақстан Республикасы Президентінің Ант қабылдау сәті, Макет:«Тәуелсіздік» монументі, Жарлық: Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы, Тірек-сызба: Мемлекеттік биліктің құрылымы.

4- планшет. «Мемлекеттік нышандар». Президент штандарты.  Кітап: Н.Ә.Назарбаев «Жүз жылға татитын он жыл», Гимн нұсқасы: өз қолтаңбасымен өзгертулер енгізілген,  Сувенир: ҚР  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған символ, Кітап: Көшбасшы және тәуелсіздік,  Жарлық: ҚР Президентінің штандарты мен ерекшелік белгілерінің қолданылуы туралы.

Мемлекеттік рәміздер: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимннің мәтіні мен музыкалық редакциясы, Заң: Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік нышандар туралы конституциялық күші бар заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы,

5-планшет. «Ұлттық валюта - Теңге». Фотосурет: Алғашқы миллион теңге, Заң: Қазақстан Республикасының дүниежүзілік банктерге мүшелігі туралы, Фотосурет:  Қызылорда облысындағы шыны өндіруші зауыттың құрылысы туралы жобаның іске асырылу сәті, Диаграмма: Халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынас, Кітапша: ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы 2010 жыл, ҚР Ұлттық Банкінің мерекелік күміс монеталары.

6-планшет. «Ұлттық әскер тәуелсіздік тірегі». Жарлық: Қ.Р Президентінің азаматтардың Қарулы күштерде қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы, Фотосурет: Әскери қызметкерлермен  жүздесу сәті, Кітапша: ҚР-ның  әскери доктринасы, Елбасының құттықтау хаты: ҚР әскерінің орталық спорттық клубы, Фотосурет: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әскери кафедрасы мамандарының әскери дайындық сәті, Жадынама: Ресеймен шекаралас Каспий аймағының территориясын нақтылау туралы, Жарлық: ҚР Қауіпсіздің кеңесі туралы.

7-планшет. «Қазақстан және әлемдік қауымдастық». Фотосурет: Елбасы БҰҰ ұйымының төрағасы Пан Ги Мунмен, Фотосурет: Елбасы Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинмен, Фотосурет: Елбасы АҚШ Президенті Б.Обамамен, Фотосурет: Елбасы Қытай Президенті Цзянь Цзе Минмен, Фотосурет: Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары. Диаграмма: Дүниежүзілік «Өркендеу - 2012» рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан 144 елдің ішінен 46 орынды иемденді, Сувенир: Қазақстан-Еуразия жүрегінде символы, Құжат көшірмесі: Елбасының ЕҚЫҰ саммитінде сөйлеген сәті, Заң: Кедендік одақ пен біртұтас экономикалық одақ шартын бекіту туралы.

8-планшет. «Астана мемлекет Елордасы және ХХІ ғасырдағы жаңа Еуразияның халықаралық орталығы». Сувенир: «Бәйтерек» монументі, Бәйтерек монументінің сызбасы, Фотосурет: Астана қаласының бас сәулетшісімен қаланың даму жоспарын талқылау сәті, Қаулы: Ақмола қаласының атауын Астана етіп ауыстыру туралы.

9-планшет. «Ұлттық бірлік, этникааралық және конфессияаралық келісім». Фотосурет: ҚР Ассамблеясында сөз сөйлеген сәті, Фотосурет: Елбасының діни бірлестіктер өкілдерімен кездесуі, Фотосурет: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде сөз сөйлеуі, Сувенир: «Бейбітшілік пен келісім» символы, Кітапша: Ел бірлігі доктринасы  Орыс православтық шіркеуінің І-ші дәрежелі даңқ пен ар-ұждан ордені, Жарлық: Қазақстан Халықтар Ассамблеясын құру туралы.

10-планшет. «Білім және ғылым: дәстүрлерді сақтаудан жаңа белестерді бағындыруға дейін». Заң: ҚР Білім туралы, Заң: ҚР Ғылым туралы, Қаулы: Шетелде кадрларды дайындау үшін Болашақ стипендиясын тағайындау туралы, Елбасының ағылшын тілін үйренудегі қолжазбасы, Білім беруді дамытудың 2011-2020 мемлекеттік бағдарламасы, Фотосурет: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қ.А.Бисенов Елбасыға университеттің даму жоспарымен таныстыруда, Фотосурет: Елбасының Сыр еліне сапары кезіндегі орта мектеп оқушыларымен жүздесу сәті. Фотосурет: Елбасы және Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов.

11-планшет. «Индустриализациялау көкжиегі». Макет: Мұнай бұрғылау қондырғысы, Елбасының Батыс-Еуропа Батыс-Қытай тас жолы құрылысының жұмысшыларымен кездесу сәті, Кітапша: «ҚР ның 2020 дейінгі стратегиялық даму жоспары», Үлгі: Құмкөл мұнай кешенінен алынған мұнай үлгісі, Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялы-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, Фотосурет: Елбасы полиэтиленді тұрба зауытының өнімдерімен танысуда.

12-планшет. «Агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуы». Фотосурет: Елбасының «таза ауыз – су» бағдарламасын іске қосуы сәтінен көрініс, Үлгі: Қызылорда облысында өсірілетін күріш сұрыптары, Фотосурет: Елбасы балық шаруашылығының жұмысымен танысуда, Сувенир: Электр өткізгі құрылғысы, Қаулы: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

13-планшет. «Мәдениет». Заң: ҚР Мәдениет туралы, Кітап: ҚР-ның тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы, Кітап: Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында, Кітап: «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жиналған археологиялық зерттеулердің есебі,  Фотосурет: Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында табылған жәдігерлермен танысуы.

14-планшет. «Спорт және салауатты өмір салты». Фотосурет: Елбасы Лондон олимпиадасының жүлдегерлерімен бірге, Фотосурет: Елбасының Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері Илья Ильинді  марапаттау сәті, Фотосурет: Елбасы Қызылорда облысының спортшыларымен бірге, Құттықтау хат: Елбасының Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері Илья Ильинді құттықтауы, Құттықтау хат: Халықаралық олимпиадалық комитеттің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғыс білдіру хаты, Сувенир: Бейжің-2008 жазғы олимпиадалық ойындарынан ескерткіш, Сувенир: Сыр елінде пайдаланылған Бейжің-2008 жазғы олимпиадалық ойындарының Алауы эстафетасының факелі.

15-планшет. «Партиялық жүйе».  Заң: ҚР-ның Сайлау туралы заңы. Фотосурет: Қызылорда облысы «Нұр Отан» партиясы Тұран филиалының штаб өкілдері, Фотосурет: Облыстық «Нұр Отан» партиясының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты. Кітапша: Президенттікке үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламалары, Кітапша: «Жас Отан» жастар қанатының 2 съезінің бағдарламасы.

16-планшет. «Әлеуметтік сала және денсаулық сақтау: қиындықтарды жеңу және сенімді даму». Фотосурет: Елбасы Қызылорда облысының медициналық орталығының ашылу сәтінде, ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, ҚР тілдерді  дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Заң: Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның балаларды қорғау қорының ынтымақтастық келісімді бекітуі туралы, Кітапша: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам, ҚР Президентінің 2008 ж. Жолдауы: Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.

 



 

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет