gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Қорқыт Ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының әділет Департаментінің 2009 жыл 07 желтоқсан күнгі 7920-1933-ҚБ нөмірлі тіркеу куәлігі негізінде жұмысын бастаған болатын. Оның президенті қызметіне «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің 22.12.2009 жылғы жалпы жиналысы негізінде Сайлыбаев Бахытжан тағайындалып, Қызылорда облысы әділет Департаментінің заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне енгізілген.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің 16.03.2012 жылғы жалпы жиналысы хаттамасы негізінде бірлестіктің президенті қызметіне Абдикаримов Бахытхан Жунайдович, вице-президент қызметіне  Досжанов Максут Жарылкасынович;

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Басқарма құрамына Абдикаримов Бахытхан Жунайдович,  Досжанов Максут Жарылкасынович,  Оразбаев Нұрлан Жеткергенұлы, Аханова Роза Мелдібекқызы, Мыңжасов Нұрлыбек Кәрібозұлы; «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Бақылау-тексеру комиссиясы мүшелігіне Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Тайман Сағат Тамшыбайұлы, Әлімбетов Асқат Шыңғысбайұлы; «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қамқоршылық Кеңесінің құрамына Жүнісов Абайбек Талғатұлы, Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, Назаров Есенжол Асылбекұлы тағайындалды.
Қазіргі таңда Бірлестіктің 800 –ге тарта мүшесі бар. Олар жаңа тұрпатты дербес жоғары оқу орны мен жоғары білікті кәсіби мамандар даярлау орталығы ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орнығуы мен дамуына және 75 жылдығының үлгілі өтуіне сүбелі үлестерін қосып, белсенді араласуда. 2012 жылдың 15 қыркүйекте алғаш рет университет түлектерінің форумы ұйымдастырылып, оған жан-жақтан екі жүзге тарта түлектер қатысты.
Бүгінгі күні ел үшін жасап жатқан түлектердің ерен еңбегінде университет қабырғасында алған білім мен біліктіліктің, тәрбие мен тәлімнің зор ықпалы болғандығы мақтанышпен айтылды. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің 23.11.2009 жылғы құрылтайшылардың жалпы жиналысымен бекітілген Жарғысы бойынша Бірлестіктің принциптері мен мақсаттарын бөлісетін және оның Жарғысын мойындайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар Бірлестікке мүше бола алады. Бірлестікке мүшелікке қабылдау жазбаша өтініш негізінде Бірлестік Басқармасымен жүргізіледі.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет