gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Бөлім бастығы- Игенбаева Рабиға Тасбергенқызы

Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімі - университеттің әкімшілік-құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мақсаты - студенттердің қоғамдық өмірінің мазмұнды, тартымды өтуіне бағытталған тәрбиелік және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, жастар саясатын жүзеге асыру.

Бөлімнің штаттық бірлігі- 6 адамды құрайды:

- Бөлім бастығы-1;
- Мұражай меңгерушісі-1;
- Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі-1;
- Әдіскер-2;
- Оператор-1.

Бөлім университетте қалыптасқан студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысына жетекшілік жасайды. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі – жастардың университет өміріндегі атқаратын орнын, маңызын, сипаттайтын ірі құрылым. Университетте атқарылатын іс-шаралар студенттердің өзін-өзі басқару жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, олар:

Студент-жастардың өмірінде болып жатқан қызықты кештер, кездесулер, пікірталастар, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, КТК сайыстары, дөңгелек үстел сынды әрқилы іс-шаралар, әсіресе «Студенттік көктем» фестиивалі, І-курс студенттері арасында жүргізілетін көңілді тапқырлар сайысы, факультет студенттерінің спартакиадасы бүгінгі таңда дәстүрге айналған. Студент-жастар өмірінде елеулі орын алатын ұйым - “Ақиқат” дебат клубы жастардың өмірге көзқарасын және қоғамдағы саяси процестердің мәні мен мазмұнын толық меңгеруге ықпал етіп келеді. Ондаған жылдар бойы «Ақиқат» дебат клубы мүшелері Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында көшбасында келеді. Студенттердің “Ұлағат ұландары” қоғамдық бірлестігі облыс, республика аумағында орналасқан балалардың демалыс-тынығу лагерлерінде, қарттар үйінде, "Атамекен" отбасылық типтегі ауылында жұмыс жүргізеді. Көңілді тапқырлар клубы қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайының жетістігі мен кемшілігін дөп басатын, әзіл арқылы ауқымды мәселелерді шешудің жолын көрсетуге, тұжырымды ой түйіндеуге ықпал ететін, көрерменінің сүйіктісіне айналған «Қорқыт жастары» КТК командасы республикалық дәрежеде өнер көрсетуде. «Қыз Жібек» қыздар клубы қоғамдағы әйел азаматтардың заң тұрғысында сауаттылығын, оларға қарсы зорлық-зомбылық болдырмау және әйел құқықтарын қорғау мәселесінде түрлі тренингтер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, кездесулер жүргізеді. Жыл сайын «Қыз Жібек» клубының ұйымдастыруымен «Үздік күз ханшайымы», «Қыз Жібекпен біргеміз» сайыстары, «Балмұздақ party» клубқа қабылдау кеші, қыздарға арналған «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» атты психологиялық семинар-тренингтер. «Қыз сымбаты» атты спорттық сайысы, «Қызды қырық үйден тыйым» тақырыбында пікір-таластар секілді көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Университетте жастардың спорттық өміріне ерекше назар аударылады. Жыл сайын жүргізілетін «Бірінші курс» сайысы, көктемгі маусымда өткізілетін спорт фестивалі сынды іс-шаралар дәстүрге айналып, университет шежіресінен орын алған. Бүгінде «Сыр сымбаты» спорт клубында спорттың 18 түрі бойынша спорттық үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және студенттер арасында қылмысты болдырмаудың алдын алу мақсатында құрылған «Қыран» еріктілер жасағы, Психологиялық әлеуметтік қолдау көрсету қоғамы, студенттердің «Зерде» ғылыми қоғамы және «Грация» би клубы, «Баспасөз» «Көркемөнерпаздар», Әскери-патриотық клубтар жұмыс жасайды. Осындай игі істерді ұйымдастыруға, сол арқылы болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуына, саналы тәрбие алуына ұйытқы болып отырған құрылым - Тәрбие жұмыстары және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімі.

Байланыс нөмірі: 8 (7242) 27-41-61

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет