gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Зертхана жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы
«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың ғылым мен жоғары білімді интеграциялау мақсатында аймақтарда осындай зертханаларды ашу туралы ұсынысын жүзеге асыру аясында 2009 жылы құрылды.
Зертхана қызметінің негізгі бағыттары, мақсаты және міндеттері
Техникалық және пайдалану сипаттамалары бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи зерттеу кешенін қолдану арқылы табиғи және техногенді шикізатты өңдеу аймағындағы ғылыми зерттеулердің деңгейін жоғарылату;
- Заманауи ғылыми қондырғылармен жабдықталған зертхана негізінде біліктілігі жоғары кадрлар мен мамандар (студенттер, магистранттар, PhD докторанттар) дайындауға қатысу;
- Сараптамалық зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми қондырғыларды пайдалану арқылы мекемелерге басқа да ақылы қызмет түрлерін көрсету және білім мен технологияларды коммерциялизациялау мүмкіндігін қамтамасыз ету.



Зертхананың материалдық базасы
Зертхана Жапония, АҚШ, Швейцария, Ресей, Нидерланды елдерінің жетекші өндірушілері шығарған жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған, әрбір қондырғы аналитикалық зерттеулер жүргізуге арналған. Газ, сұйық хроматографтарды, хромато-масс-спектрометрді, ИҚ–Фурье спектрометрді, спектрофлуориметрді, спектрофотометрді, төмен вакуумды электронды микроскопты, титраторды, калориметрді қолдану ауылшаруашылығы мен тағам өнімдеріне, қоршаған орта нысандарына, су, топырақ үлгілеріне, мұнай, мұнай өнімдеріне, қатты отынға сапалық талдау жүргізуде және химия саласында әртүрлі зерттеулер мен жұмыстарды орындауда алынған нәтижелер мен қорытындылардың дәлдігін қамтамасыз етеді.

Зертхана құрылымы


Зертхананың ұйымдастырушылық құрылымы
Зертхана штаты университеттің жетекші және жас профессор-оқытушылар құрамынан тұрады. Штатта 11 қызметкер бар. Оның ішінде: зертхана жетекшісі – 1, ғылыми қызметкерлер – 2, жетекші маман – 1, инженерлер – 7. Зертхана қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі 27% құрайды. Зерттеу ұжымына оқытушылар, магистранттар және бакалаврлар кіреді.
Зертхананың қызметкерлері және университет ғалымдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Жапония, Малайзия, Ресей Федерациясында, Португалияда біліктіліктерін арттырған, сонымен қатар осы елдерден тәжірибе алмасу аясында зертханаға мамандар шақырылған. Сондай-ақ, зертхана қызметкерлері Ұлттық аккредитация орталығы Алматы филиалында, Қазақстан Республикасының алдыңғы ЖОО-ның ғылыми зертханаларында біліктіліктерін арттырды.

И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және                            Лиссабон жаңа университетінің ассистант- профессоры 
газ университетінің геол.-мин.ғылымдарының докторы,                      PhD-доктор Любчик Андрей нанотехнология бойынша  
профессор Г.Н. Гордадзе газды және сұйық хроматогра-                     дәріс оқу барысында
фияның заманауи әдістерін талқылау барысында

Зертхана базасында аналитикалық қондырғыларда жұмыс әдістерін игеру мақсатында курстар жүргізілді және ұйымдастырылды, бүгінгі күні мұндай курстардан университеттің 300-ден астам оқытушылары мен қызметкерлері өтті.
Зертхана ынтымақтастығы
Зертхананың жұмысын белсендіру және бірлесіп зерттеулер жүргізу үшін университет 6 ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар және инженерлік бейіндегі зертханалармен, Қазақстан Республикасының 5 ғылыми-зерттеу институттарымен консорциалды келісімге отырды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының 5 жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және облыстың мұнай компанияларымен келісімшарт жасалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы
Зертхана базасында өңірдің шикізат ресурстары мен экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ғылым дамуының басым бағыттары бойынша келесі тақырыптарда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде:
• Тәжірибелік маңызды карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін аса жоғары жиілікті сәулелендіру жағдайында синтездеу әдістерін жасау;
• Гетероциклді қатардағы кетондар негізіндегі жаңа полифункционалды фосфорорганикалық қосылыстар, биологиялық белсенді заттарды іздестіру;
• Жантақ (Alhagi pseudoalhagi) дәрілік өсімдік сығындысын атеросклероздың алдын алу және бастапқы формасын емдеуде қолдану перспективалары;
• Гомогенді-каталитикалық жүйе қатысында олефиндерді көміртек моноксидімен гидроэтерефикациялау арқылы карбон қышқылының күрделі эфирлерін алудың ғылыми негіздерін жасау;
• Сырдария өзені суы сапасын органикалық және бейорганикалық ластағыш заттардың құрамы бойынша бақылау.
Қазіргі уақытта зертхана базасында 055 бюджеттік бағдарлама «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» негізінде және 101 «Ғылыми зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру» бағдарламалары аясында төмендегідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда:
1) Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырақтарының мониторингі әдістерін және ыстық климат жағдайында биопрепараттарды қолдану арқылы оларды тазарту технологияларын жасау;
2) Сазды жыныстарды «мұнай шламы-барханды құм» композициясында бірге өңдеу негізінде түйіршіктелген кеуекті жылу оқшаулағыш материалдарды алу технологиясы
Зертхана университеттің кафедралары базасындағы зертханалармен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады, сонымен қатар зертхана қызметінің ғылыми бағытына сәйкес зерттеулер жүргізуде оқытушыларға, магистранттарға және бакалаврларға ғылыми-техникалық қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету
«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі бойынша Ұлттық аккредиттеуорталығының 2012 жылғы 05 қыркүйектегі № 12-927 бұйрығымен аккредиттелген.
Зертхана бекітілген аккредиттеу саласы бойынша өнім сапасына зертханалық-өндірістік бақылау жүргізеді. Сынақ зертханасының аккредиттеу саласы: мұнайды физика-химиялық талдау және автомобиль бензинінің құрамындағы бензолдың көлемдік үлесін анықтау.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу, есептеу және рәсімдеу заманауи қондырғылар мен компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі:

 

Тел/факс: 8(7242)23-10-41
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет