gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Факультеттер Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті
 
 

Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Факультет деканы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Досжанов Баянәлі Амантайұлы

Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесі мәжілісінің шешіміне (25.04.2014 ж. № 11 хаттама) сәйкес, университет ректорының бұйрығы (26.04.2014 ж. № 6322-а) негізінде құрылды.
Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті жоғары және орта кәсіптік білім базасында сырттай және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша мамандар дайындауды жүзеге асырады, сонымен қатар өндірістік мекемелердегі қызметкерлер мен жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізетін университеттің оқу және құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Негізгі атқаратын қызметтері мен міндеттері:
Факультеттің атқаратын қызметтеріне жатады:
 Факультеттегі білім беру үдерісін ұйымдастырып, басшылық жасау;
 Бастапқы және жоғары кәсіби білім мамандықтарының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарына сәйкес кәсіби білімдер, дағдылар, машықтарды игерген мамандар даярлау;
 Өз қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізу;
 Факультеттің оқу үдерісінің кестесін жасау;
 Мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарларына және сабақтардың бекітілген кестелеріне сәйкес оқу сабақтарын жүргізуді ұйымдастыру (чат-сабақтар, форум, лекциялар, практикалық, семинарлық, зертханалық және басқа), олардың сапасын қамтамасыз ету;
 Білім алушылардың контингентін бақылап отыру және оның қозғалысын есепке алу жүргізу;
 Заманауи білім технологияларын қолдану, оқу үдерісі мен әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру тәжірибелерін жинақтап, енгізу және тарату;
 Факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын бекіту;
 Білім алушылардың оқу және өндірістік практикаларын ұйымдастырып, оларды әрі қарай мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдармен байланыстар орнату;
 Жаңа оқу жылында үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультетіне түскен білім алушылардан оқу топтарын қалыптастыру бұйрықтарын дайындау;
 Сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша оқу үдерісін жоспарлап, өткізуге бақылау жасау;
 Оқу үдерісін ұйымдастыру мен емтихан сессиясының нәтижелеріне талдау жасау;
 Сабақтар кестесін жасау және сынақ-емтихан сессиясының барысына бақылау жасау;
 Сырттай және қашықтықтан оқыту студенттерінің контингентіне және оның қозғалысына бақылау жасау;
 Кафедраның сырттай және қашықтықтан оқытуға қатысты оқу-әдістемелік жұмысына талдау жасау және университеттің ректораты мен Ғылыми кеңесіне ақпараттар мен есептер дайындау;
 Сырттай және қашықтықтан оқыту оқу үдерісінің кредиттік оқыту технологиясына негізделген оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
 Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушыларға таныстырылым ұйымдастыру;
 Білім порталын жаңартып отыру;
 Мамандарға қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинар-тренингтер ұйымдастыру;
 Мекемелер мен кәсіпорындарға ұйымдарға, жұмыс берушілерге және жеке тұлғаларға келісім шарттар негізінде мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қызметтер көрсету;
 Мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында уақытша жұмыстан босатылған және жұмыссыз азаматтарды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;
 Мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік сұраныс бойынша қажетті конкурстық құжаттарды әзірлеп дайындау;
 Факультет жұмыстары туралы жыл сайын есеп беріп отыру.

Сырттай оқу нысаны бойынша

1

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3

5В010300 – Педагогика және психология

4

5В010400 – Бастапқы әскери дайындық

5

5В010600 – Музыкалық білім

6

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

7

5В010800 – Дене шынықтыру және спорт

8

5В010900 – Математика

9

5В011000 – Физика

10

5В011300 – Биология

11

5В011400 –Тарих

12

5В011600 – География

13

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

14

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті

15

5В012000 – Кәсіптік оқыту

16

5В042100 – Дизайн

17

5В070800 – Мұнай газ ісі

18

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар

19

5В071800 – Электр энергетикасы

20

5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар

21

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі

22

5В080100 – Агрономия

23

5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану

24

5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

25

5В090700 –Кадастр

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы
сырттай оқу нысаны бойынша

1

5В011100 – Информатика

2

5В030100 – Құқықтану

3

5В050600 – Экономика

4

5В050800 – Есеп және аудит

5

5В050900 – Қаржы

6

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

7

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

 

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы
күндізгі оқу нысаны бойынша

1

5В030100 – Құқықтану

2

5В050600 – Экономика

3

5В050800 – Есеп және аудит

4

5В050900 – Қаржы

5

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

6

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

7

5В070800 – Мұнай газ ісі

8

5В071800 – Электр энергетикасы

9

5В072900 – Құрылыс

10

5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану

11

5В010300 – Педагогика және психология

12

5В011300 – Биология

 

Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Жахаева көшесі, 67
Қоркыт Ата атындағы ҚМУ, № 2 оқу ғимараты,
Байланыс телефоны: 8(7242) 27-63-66

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет