gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
Құрылым Ректор Әскери-жұмылдыру бөлімі
 
 

Әскери жұмылдыру бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать


Әскери-жұмылдыру бөлімінің бастығы Нысанқұлов Әмирхан Сейдәліұлы


1991 жылы ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Әскерде борыш өтеу және өз Отанын қорғау Қазақстан Республикасының барлық әскери міндетті азаматтарының қасиетті парызы болып табылады. Әскери есепке алу мемлекетіміздің әскерге шақырылатын ресурстарын есепке алу мен талдау жасаудың жалпымемлекеттік жүйесі болып табылады. Әскерге шақырылушы студенттерді әскери есепке алу, оқу кезінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылуды кейінге қалдыруды ресімдеу үшін университетте әскери-жұмылдыру бөлімі құрылды. Бөлім өз қызметін ҚР Конституциясы, Заңдары, ҚР Президенті пен Үкімет актілері және ҚР Қорғаныс Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігінің ережелеріне сәйкес жүргізеді.

Әскери-жұмылдыру бөлімінің құрылымын университет ректоры бекітті.

ӘЖБ бастығы бөлімнің әскери-жұмылдыру шараларын орындау жұмыстарына басшылық жасайды; кезкелген жағдайларда АҚ пен ТЖ басқаруды қамтамасыз етеді; әскерилендірілмеген құрылымдарды құруды және оларды үйретуді ұйымдастырады; республика, облыс және қаланың командалық-штабтық жаттығуларына қатысады.

Университетте 4 құтқару командалары құрылған, олар Қызылорда қаласындағы АҚ пен ТЖ Департаменті өткізетін барлық құтқару шараларына қатысады. Сырдария өзеніндегі су тасу кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, ұйымдастырғаны үшін университет бірнеше рет қала басшылығының алғыс хаттарына ие болды.

Бөлімнің негізгі атқаратын жұмысы әскери-жұмылдыру шараларын өткізу болып табылады:
-әскерге шақырылушы студенттердің есебін жүргізіп, оларды әскери есепке алу;
-оқу кезінде әскер қатарына шақырылуды кейінге қалдыруды ресімдеу;
-университеттің әскери міндетті оқытушылары мен қызметкерлерін оларға әскерге шақырылудан дербес кейінге қалдырылуды беру үшін брондау және арнаулы есепке алу;
-құпия іс-қағаздар жүргізу, ҚМУ-гі мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын жоспарлау, есептілік жүргізу және құпиялық режимін қамтамасыз ету.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет