gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Институт директоры  филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрібозұлы Бағдат

Институттың негізгі мақсаты студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарын жан-жақты дамыту, сонымен қатар аймақтағы тарихи, әдеби, рухани мұраларға кешенді зерттеу жүргізу әрі ғылыми талдау жасауды ұйымдастыру, Сыр өңірінің (Қызылорда облысының) тарихын кешенді түрде зерттеу арқылы оның Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі алатын орнын анықтау мақсатында жұмыстар жасайды.

ҒЗИ-ның атқаратын негізгі қызметтері:
- тарих, филология және өнер мәселелері бойынша бекітілген ғылыми бағытқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- қазақ халқының мәдени өмірінде маңызы бар ғұлама ойшылдар мен ғалымдардың мұраларын, раритетті басылымдар, кітаптар, мұрағат деректері мен қолжазбаларды іздестіріп табу және оларға ғылыми сараптама жүргізу, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізу;
- оғыз-қыпшақ дәуіріндегі Сыр өңіріндегі этникалық үдерістерді зерттеу, түркі халықтарының этникалық бірлігін насихаттау;
- өңірдің этнографиялық ерекшеліктерін айқындау, тарихи тұлғалардың мәдени-рухани және ғылыми мұраларын жинақтау;
- жас зерттеушілердің шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау;
- Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың маңызын ашатын ғылыми-көпшілік басылымдар шығару;
- Қорқыттану және түркі өркениетіне байланысты облыстық, республикалық деңгейде ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, студенттік пікір сайыстарды ұйымдастыру және өткізу;
- мамандандырушы кафедралардың докторанттары мен магистранттарына, студенттеріне олардың зерттеу жұмыстарына тақырыптарын таңдаудан, мақсат пен міндеттерді дәлелдеуден бастап кәсіби түрде кеңес беру.
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтында 1 ғылым докторы, профессор, 1 PhD доктор, 3 ғылым магистрі мен 1 ғылыми қызметкер қызмет етуде.

 

Мекен-жайымыз: Желтоқсан көшесі, 40. ҚМУ 1-оқу ғимараты, 119 бөлме.
Байланыс телефондары: 8(7242)27-81-69
Электрондық пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет