gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Институт директоры  филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрібозұлы Бағдат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институты, «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі», «Дінтану» ғылыми-зерттеу орталықтары біріктіріліп, «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Институт студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарын жан-жақты дамыту, сонымен қатар аймақтағы тарихи, әдеби, рухани мұраларға кешенді зерттеу жүргізу әрі ғылыми талдау жасауды ұйымдастыру, Сыр өңірінің (Қызылорда облысының) тарихын кешенді түрде зерттеу арқылы оның Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі алатын орнын, саяси маңызын анықтау, Қазақстанның ұлттық бірегейлігін күшейтуге, этносаралық қатынастарды және толерантты сана-сезім мен конфессияаралық келісімді дамытуға ықпал ету мақсатында жұмыстар жасайды.

Институт директорының орынбасары тарих ғылымдарының кандидаты А.Оразбақов

Ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеттері:
- студенттердің зерттеушілік шығармашылығын жан-жақты дамытуына жағдай жасау;
- гуманитарлық бағыт бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруға атсалысу;
- салалас кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға күш салу;
- тарих, филология және өнер мәселелері бойынша бекітілген ғылыми бағытқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- қазақ халқының мәдени өмірінде маңызы бар ғұлама ойшылдар мен ғалымдардың мұраларын, раритетті басылымдар, кітаптар, мұрағат деректері мен қолжазбаларды іздестіріп табу және оларға ғылыми сараптама жүргізу үшін жасақталған ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысу, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізу;
-«Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық-даму жоспарына» сәйкес Еуразия кеңістігінде жасаған өркениеттердің тарихи сабақтастығын және сол кеңістіктегі Арал аймағының орнын айқындауға бағытталған жұмыстар жүргізу;
- оғыз-қыпшақ дәуіріндегі Сыр өңіріндегі этникалық үдерістерді зерттеу, түркі халықтарының этникалық бірлігін насихаттау;
- өңірдің этнографиялық ерекшеліктерін айқындау, тарихи тұлғалардың мәдени-рухани және ғылыми мұраларын жинақтау;
- археографиялық ізденістер нәтижесінде табылған тарихи шығармаларды мемлекеттік тілге аударып, ғылыми айналымға енгізу;
- жас зерттеушілердің шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау;
- Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың маңызын ашатын ғылыми-көпшілік басылымдар шығару;
- Қазақстандағы діни жағдайдың даму тенденцияларын анықтау және талдау;
- Қазақстанның этносаясатын жетілдіру концепциясын, әдістері мен тәсілдерін құрастыру;
- Қазақстанның ұлттық бірегейлігін күшейтуге, этносаралық қатынастарды және толерантты сана-сезім мен конфессияаралық келісімді дамытуға ықпал ету;
-этносаралық толеранттылықтың, қоғамдық келісімнің және жалпы этносаралық қатынастар саласының қазақстандық моделін жетілдіру теориясы мен практикалық ұсыныстарды жасауға белсенді түрде қатысу;
- діни өмірді зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістерін жасауға қатысу;
- Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық қатынастарын реттеу бойынша ұсыныстар мен нұсқауларды жасау;
- жастар ортасына деструктивтік және тоталитарлық бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардың енуін алдын алу;
- діни бірлестіктердің бейбіт жағдайда қатар өмір сүруін қоштау, конфессиялар арасында бейбітшілікті сақтау және күшейту;

ҒЗИ-ның атқаратын негізгі қызметтері:
- әдебиет, тарих және діни өмірдің, мәдениаралық толеранттылық мәселелері бойынша жергілікті, республикалық деңгейде ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, студенттік пікір сайыстарды ұйымдастыру және өткізу;
- әдебиет, тарих және этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-оқыту және зерттеу қызметін іске асыру;
- аймақтың әдебиеттану, тарих және этносаралық және конфессияаралық мәселелер бойынша ағымдағы жағдайды тез арада талдау, іргелі зерттеулерді ұйымдастыру;
- әдебиет, тарих және этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында ғылыми зерттеулерді іргелі ұйымдастыру және іске асыру;
- оқу-әдістемелік материалдарды сараптау, әдебиеттану, тарих және этносаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша әдіснамалық әдебиеттерді дайындау;
- әдебиет, тарих, өнер және ұлтаралық қатынастар бойынша мәселелермен айналысатын барлық мемлекеттік органдар деңгейлерімен байланыс орнықтыру және өзара әрекеттесу;
- тәрбие жұмысымен айналысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, білім беру мекемелерінің басшыларына этносаралық және конфессияаралық мәселелер бойынша кеңес беру;
- мамандандырушы кафедралардың магистранттарына, студенттеріне олардың зерттеу жұмыстарына тақырыптарын таңдаудан, мақсат пен міндеттерді дәлелдеуден бастап кәсіби түрде кеңес беру.
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтында 1 ғылым докторы, профессор, 5 ғылым кандидаты, 1 Ph.D доктор, 5 ғылым магистрлері, ғылыми мамандар қызмет етуде.
ҒЗИ жанында Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысатын барлық зерттеушілерге мемлекетіміздің қалыптасу жылдарын, халықаралық қауымдастықтағы еліміздің мәртебесін Елбасының қызметімен ұштастыра отырып көрсету мақсатында «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы қызмет етеді.

 

Мекен-жайымыз: Әйтеке би көшесі, 29а. ҚМУ бас оқу ғимараты, 305, 316 бөлмелер.
Байланыс телефондары: 8(7242)27-81-69, 27-64-95, 27-16-32 
Электрондық пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет