gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Жылыжай шаруашылығы

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Университет жылыжай шаруашылығы 2004 салынып, пайдалануға берілді. «Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында технологиялар мен зерттеулерді өндіріске енгізу және индустрия мен саудамен байланысын қалыптастыру бағдарламасы» Қазақстан -Қырғызстан - Канада халықаралық жобаны іске асыру мақсатында жүзеге асырылған. Университет жылыжай шаруашылығы іс жүзінде ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді технологиялар енгізуде – экологиялық таза көкөніс өнімдерінтамшылап суару жүйесін пайдалану арқылы өсіру, университет оқытушылары, магистрлер мен студенттер үшін жылыжайда көкөніс өсірудің өндірістік базасы болып табылады.

 

Университет жылыжыйында көкөніс өнімдерін өндіру бірнеше процестерден өтеді, өсімдіктердің тұқымын себу, өнімдерді іріктеумен аяқталады.
Дақылдар топырақсыз, топырақ орнына ағаш үгіндісі мен күріш кебектері пайдаланылып өсіріледі. Жылыжайдың сегіз жыл жұмысының нәтижесі аз көлемді технологияны жабық топырақта жоғарғы сапалы көкөніс түрлерін алуға болатынын көрсетеді: қысқы-көктемгі ауысымда – 35-40 кг/м² қияр, күзгі-қысқы ауысымда 20-25 кг/м², 20-25кг/м² қызанақ өнімдері алынады.
Университет жылыжайы өндіретін көкөнісөнімінің сапасы үнемі бақылауда. «Университеттің инженерлік сала негізіндегі лабораториясы үнемі қорктік заттар мен тыңайтқыштар ерітінділері құрамына сараптама жасап отырады, «жапырақты диогностикалау» жеделдетілу әдісі пайдаланып, өсімдіктер жағдайларына сараптама жасалынады, өнімдер құрамындағы нитрат-иондар мен ауыр металлдар тексеріліп отырады.
Агрономия және биология мамандықтарының студенттері үшін:
«Жылыжай шаруашылығы», Қорғалынған топырақта қызанақ және қияр өсіру технологиясы», Қорғалынған топырақта көкөніс өнімдерін стандарттау және сертификаттау», «ФХМА және өсімдіктердегі қоректік элементтер мониторингі» атты арнайы курстар өткізіледі. Жылыжай шаруашылығы базасында 6 дипломдық жұмыс, 13 курстық жоба, 8 ғылыми жұмыс, 1 магистрлік диссертация жасалды, (PhD) докторлық диссертациясы үшін зерттеулер жасалуда.
ҚР мен МСХ жобасы және «Ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», Дүниежүзілік банк аясында 2009-2012 ж.ж. аралығында жылыжай шаруашылығы базасында 2 шағын жоба жүзеге асырылды:

1. «Қызылорда облысы жағдайында көкөністерді топырақсыз өсіру технологиясын жетілдіру» (грант соммасы 9 млн.теңге).
2. «Қызылорда облысы жағдайында өсімдіктерді топырақсыз өсірудегі суды үнемдеу мақсатында тамшылап суару технологиясын оқыту мен тарату» (грант соммасы 4,5 млн.теңге).
Зерттеулер аймақтағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері арасында тәжірибе тарату мақсатында жасайды және Қызылорда облысында жылыжай шаруашылығын ашу және жоғарыда көрсетілген технологияларды енгізу.
Университет жылыжайындағы қызанақ пен қияр өсірудің аз көлемді технологиясы ПТ «Абзал и К» жылыжай шаруашылығында жақсы енгізіліп пайдаланылуда.
2011 ж бастап көкөніс дақылдары тұқымдарын өндірумен айналысатын алдыңғы қатарлы «Rijk Zwaan» голланд фирмасымен келісім шарт жасасып, қызанақ, қияр және бұрыш гибридтерін өсіруде жылыжайда тәжірибелер жасалуда.
2013-2015 жылдар аралығында жылыжай шаруашылығы базасында 055 «Ғылыми және ғылыми технологиялық іс-әрекет» өндірістік бағдарламасы,бағдарламаға қосымша 101 «Ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру» мемлекеттік сұраныс аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалуда. ҚР БжҒМ: «Арал өңірі жағдаындағы қорғалған топырақта көкөніс өндіру биотехнологиясы дақылдандыру негізін өңдеу» тақырыбына сұраныс жасалды. (11,7 млн теңге).
Жылыжай шаруашылығы негізінде өткізіледі:
- Аумақтық мәселелерді шешу, облыстағы жылыжай технологиясын жетілдіру және дүниежүзілік тәжірибелермен танысу мақсатында басшылар мен фермерлік жылыжай шаруашылығы жұмысшыларына арналған семинар-тренингтер өткізу:
- Көкөніс өсіруші техниктерді кәсіби дайындау курстары:
- Жетілдіру курстарын ұйымдастыру.
Университет ғалымдары Қызылорда облысындағы жылыжай шаруашылығы үшін қорғалынған топырақта көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын енгізу нұсқаулығы өңделуде, сонымен қатар кеңес беру, көмек көрсету де қарастырылған.

 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет